ӘЗжӘИО орталығы жүзеге асыратын зерттеулер кешенді және көп қырлы сипатқа ие және әлеуметтік даму мен қоғамдық пікірдің жай-күйі мен динамикасы туралы ақпарат алуға, талдауға және таратуға бағытталған.
Орталық заманауи білім беру мәселелерін зерделеуге және университеттің білім беру, әлеуметтік және ғылыми-зерттеу қызметін әлеуметтанулық сүйемелдеуге маманданған жетекші қазақстандық зерттеу институты болып табылады.
Орталық жетекшісі – әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Әбдірайымова Г.С.
Орталық қызметінің мақсаты қазіргі қазақстандық қоғамның жай-күйі мен даму динамикасын зерделеуде пәнаралық, көп аспектілі және контекстік тәсілдерді пайдалана отырып, әлеуметтану ғылымдарының басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу болып табылады.
Орталық қызметінің міндеттері:
- қазіргі қазақстандық қоғамды дамытудың өзекті мәселелері бойынша әлеуметтанулық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
- университеттің білім беру қызметтерінің сапасына тұрақты мониторингті ұйымдастыру, жүргізу және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және университетте білім беру бағдарламаларын саралау, сапа менеджменті, аккредиттеу саласында жүргізілетін қызметті әлеуметтанулық сүйемелдеу;
- университеттің түрлі құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі арқылы университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру;
- гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы жетекші шетелдік және отандық ғылыми - зерттеу ұйымдарымен байланыс орнату және ынтымақтастықты дамыту;
- Қазақстанда әлеуметтанулық зерттеулерді дамыту перспективаларын болжау және кәсіби дағдыларды қалыптастыру үшін оқу үрдісі мен тәжірибе базасын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;
- әл - Фараби атындағы ҚазҰУ университеті ішінде және басқа да аймақтық орталықтар мен институттармен кәсіби және пәнаралық байланыстарды дамыту;
- гранттық, мемлекеттік - нысаналы, жеке - бастамашылық және демеушілік бағдарламаларға және т. б. конкурстарға қатысу.
ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ – Әбдірайымова Гулмира Серікқызы – әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, әл – Фараби атындағы ҚазҰУ - ның әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, ғылыми редактор, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында G. Ritzer, J. stepnisky Sociological Theory кітаптарын аудару жобасының үйлестірушісі. 250 - ден аса ғылыми жарияланымдар, соның ішінде әлеуметтану бойынша оқулық (бірлескен авторлықта), 8 монография, 12 оқу құралы, 11 әдістемелік нұсқаулық, 2 электронды оқу құралы және әлеуметтанудың қазіргі заманғы мәселелеріне арналған Thomson Reuters/Scopus ДБ индекстелген, рецензияланатын журналдардағы ғылыми жарияланымдардың авторы.
Орталықтың зерттеу ұжымына жоғары білікті, ғылыми - зерттеу және профессорлық - оқытушылық қызметте мол тәжірибесі бар мамандар, сондай - ақ философия және саясаттану факультетінің жас докторант - ғалымдары мен магистранттары кіреді.
Веревкин Алексей Валентинович – орталықтың жетекші ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедарасының аға оқытушысы. 100 - ден астам ғылыми жарияланымдардың, соның ішінде монографиялар мен оқу құралдарының авторы.
Лифанова Татьяна Анатольевна – орталықтың жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты, философия кафедрасының аға оқытушысы. 150 - ден астам ғылыми жарияланымдардың, соның ішінде монографиялар мен оқу құралдарының авторы.