



ҚазҰУ-дың №10 студенттер үйі - 313 орынға есептелген.
ҚазҰУ студенттер үйі студенттер тұруына қажетті барлық қолайлығымен, қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Студенттер үйінде тұруға, оқуға және демалуға барлық жағдай жасалған. Студенттер үйінде демалыс пен сабақ қарауға жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Студенттер үйінде оқу үшін арнайы оқу залдары мен компьютерлік сыныптар жасақталған. Әртүрлі іс-шараларды өткізуге арналған Мәжіліс залы бар. Студенттік үйлер бақылау камераларымен жарақтандырылған. Бейне бақылау әрбір қабатта жүргізіледі және күзет қызметімен бақыланады. Студенттер үйінде тұратындар электронды рұқсат арқылы кіреді. Студенттік үйлер аумағында сағат түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету қызметінің мамандары кезекшілік етеді.
Студенттер үйіне орналастыру
Университет барлық жатақхана қажет етушілерді орынмен қамтамасыз етуге тырысады. Студенттер үйіне орналастыру туралы барлық сұрақтар бойынша факультет деканаттарынан мәліметтер ала аласыздар. Студенттік үйлерге орналастыру жыл сайын 25-ші тамыздан басталады.