Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әрқашан мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасап, мүмкіндігі шектеулі жандардың өздерін жайлы сезінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады.
Университетте мынадай әлеуметтік нысандар бар:
- Студенттерге қызмет көрсету орталығы – «Бір терезе» қағидаты бойынша «Керемет» ХҚО,
- Кинотеатр,
- Кітапхана,
- Супермаркет,
- Асханалар,
- буфеттер,
- кір жуу орталығы,
- Студенттер үйі,
- Сұлулық салоны,
- Дәріхана,
- Медициналық орталық,
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ыстықкөл жағасындағы спорттық сауықтыру лагері.
Университетте лифттер бар, соның ішінде келесі ғимараттарда:
- Кітапхана, 3 лифт,
- студенттер үйлері, 8 лифт,
- әкімшілік ғимарат, 4 лифт,
- Жас ғалымдар үйі, 2 лифт
- Химия және химиялық технология факультетінің ғимараты, 2 лифт,
- Механика-математика факультетінің ғимараты, 2 лифт,
- Физика-техникалық факультетінің ғимараты, 2 лифт,
- Бесінші корпус, 2 лифт.
Университетте «Керемет» ХҚО ғимараттарында 2 эскалатор бар.
Университеттің барлық ғимараттары мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіруі үшін пандустармен жабдықталған.
Университеттің автотұрақтарында мүмкіндігі шектеулі жүргізушілерге арналған автотұрақтар қарастырылған.
Мүмкіндігі шектеулі студенттерге, сондай-ақ ата-анасы мүгедек студенттерге оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған.
«Сұңқар» студенттік кәсіподақ мүмкіндігі шектеулі студенттерге бір семестрге материалдық көмек көрсету, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ыстықкөл жағасындағы спорттық-сауықтыру лагеріне жеңілдетілген жолдамалар сияқты әлеуметтік қолдау көрсетеді.
Мүмкіндігі шектеулі студенттерді университет жатақханаларына орналастыру үшін жағдайлар жасалған:
.jpeg)









Әл-Фараби университетінің орталық кітапханасы мүмкіндігі шектеулі студенттерге де жағдай жасап, кітап қорын пайдалануға мүмкіндік береді:







Условия и размещение для студентов с ограниченными возможностями в Центре обслуживания студентов:


Мүмкіндігі шектеулі студенттерді университет ғимараттарына кіру үшін жағдайлар жасалған:


Мүмкіндігі шектеулі студенттерге Студенттер сарайында концерттер мен мерекелік іс-шараларды өткізуге жасалған жағдайлар:



