Колледж туралы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжі (бұдан әрі — Колледж) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы болып табылады. Колледж 2002 жылғы 5 шілдеде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің 2002 жылғы 4 шілдедегі № 10 қаулысы, 2002 жылғы 5 шілдедегі № 165 бұйрығы және ҚазҰУ Жарғысының 5.32-тармағына сәйкес құрылған. Колледж қызметі Колледж туралы ереже, Ішкі тәртіп қағидалары және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Колледждің миссиясы — заманауи еңбек нарығының талаптарына жауап беретін, үздіксіз білім алуға және зияткерлік әрі шығармашылық әлеуетін дамытуға қабілетті техникалық және кәсіптік білім беру саласының білікті мамандарын даярлау.
Колледждің мақсаты — сапалы білім беруді қамтамасыз ету, студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал ету, олардың қоғамда және еңбек нарығында табысты бейімделуіне жағдай жасау.
Болашаққа көзқарас— Қазақстан Республикасында сапалы білім беру қызметтерін көрсететін және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын танымал колледжге айналу.
Колледждің құндылықтары: сапа, инновация, тұлғаны құрметтеу, ынтымақтастық және үздіксіз даму.
Колледждің артықшылықтары:
- заманауи материалдық-техникалық база мен зертханалар;
- практикаға бағытталған білім беру бағдарламалары;
- жоғары білікті педагогикалық құрам;
- оқытудағы жеке тәсіл және студенттерді қолдау;
- тағылымдамадан өтуге, жобалар мен конкурстарға қатысуға мүмкіндік;
- белсенді студенттік өмір және сыныптан тыс іс-шаралар.
Колледждегі білім беру қызметі мемлекеттік лицензия негізінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Колледж Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің TALAP тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламаларын іске асырады және енгізеді, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес.
Негізгі орта білім негізінде (9-сыныптан кейін) оқу мерзімі — 2 жыл 10 ай, жалпы орта білім негізінде (11-сыныптан кейін) — 1 жыл 10 ай.
Колледжде келесі мамандықтар бойынша мамандар даярланады:
- 04210100 — Құқықтану
- 02310100 — Аударма ісі (түрлері бойынша)
- 04110100 — Есеп және аудит
- 04120100 — Банк және сақтандыру ісі
- 06130100 — Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
Колледжде мамандарды даярлау күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Лицензия: https://farabi.university/storage/document/237252565568394f35ee5c2802432071_25006115_ru.pdf

