Филология факультеті

шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы

Кафедраның негізгі мақсаты: шетел филологиясы, аударма ісі және мәдениетаралық байланыс саласындағы жоғары білікті, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қатынас пен шет тілдерін жетік білетін, тіл білімі, әдебиеттану, аударма теориясы мен тәжірибесі саласындағы теория мен тәжірибеден терең білімі бар мамандарды даярлау. Кафедра 8 білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады: 1. Бакалавриат: 6В02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері), 6В02304 – Аударма ісі (батыс тілдері); 2. Магистратура: 7М02312 – Шетел филологиясы (батыс тілдері), 7М02303 – Аударма ісі (батыс тілдері), 7М02316 – Ілеспе аударма (батыс тілдері), 7M02301 - Аударма ісі және кәсіби байланыс (профильді, 1 жыл); 3. Докторантура: 8D02306 – Шетел филологиясы (Батыс тілдері), 8D02302 – Аударма ісі (Батыс тілдері).

Толығырақ
Аймағамбетова Малика Муратқызы

Кафедра меңгерушісі

Аймағамбетова Малика Муратқызы

 department.phil.tran@gmail.com,   Malika.Aimagambetova@kaznu.edu.kz

 +7(727) 377-33-39 ( 1323)

Кафедра байланыстары

 Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 ғимараты, каб. 311.

 +7(727) 377-33-39 (внут. 1323).

Әлеуметтік желілер:  

Instagram: https://www.instagram.com/p/CJD6vkogjzX/?igshid=f0neixh27h1r

Facebook: https://www.facebook.com/groups/2607284332663548/

 

Кафедра тарихы

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 30 жылға жуық тарихы бар. 1996 жылы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінде филология факультетінің деканы, профессор Жанғара Дәдебайұлының тікелей ұсынысымен «Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы» кафедрасы құрылды. Алғашқы жылдарда кафедра аударма ісі, атап айтқанда «көркем аударма» бойынша мамандандырылған республикадағы арнайы кафедра ретінде қалыптасты. Кейіннен кафедра «аударма теориясы және әдіснамасы» деп аталып, «Аударма ісі» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура, докторантура бағыттары бойынша мамандар дайындайтын негізгі кафедраға айналды.

Кафедраның мамандануы: көркем аударма, әдеби компаративистика, әдебиеттану, аударма теориясы, синхронды аударма, ауызша аударма, аударманың когнитивті аспектілері, педагогикалық қызмет, ғылыми жұмыс, мемлекеттік мәдени және әдеби ұйымдарындағы әдеби қызметкер.

Кафедраны басқарған меңгерушілер: профессор Қ.Алпыстаев, профессор А. Жақсылықов, профессор Ж.Дәдебаев, профессор Ә. Тарақов, PhD Д.Қарағойшиева, PhD  М.Аймағамбетова.

2015 жылдан бастап кафедра атауы «Шетел филологиясы және аударма ісі» болып өзгертіліп, екі бірдей бағыт бойынша маман дайындайтын іргелі кафедраға айналды.

Қазіргі уақытта кафедрада 39 оқытушы: 5 ғылым докторы, 14 ғылым кандидаты, 5 PhD докторы, 12 магистр және 3 оқытушы жұмыс істейді.

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

ереже

22 мб, pdf

ТДМ мақсаты

22 мб, pdf

ТДМ Жоспары

22 мб, pdf

«Coursera» сертификатnары

22 мб, pdf