Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы

Құрметті достар! Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы Қазақстанның үздік дайындық бөлімдерінің бірі болып табылады. Кафедрамызда жыл сайын әлемнің түкпірінен келген шетелдік тыңдаушыларға білікті, тәжірибесі мол оқытушы-профессорлық құрамы сапалы білім беруде. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы ҚР азаматтарын, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және шетелдік тыңдаушыларды жоғары оқу орындарына және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түсуге дайындайды. Басты мақсат кешенді тестілеуден жақсы нәтиже көрсетіп қана қоймай, білімді тыңдаушыларымыз университеттің ғылыми бағыттағы жұмыстарына ат салысып, өнерлі балаларымыз түрлі сайыстардан жүлделі орын иегері атануда.

Толығырақ
Тәуекелов Нұрлыбек Бақытбекұлы

Кафедра меңгерушісі

Тәуекелов Нұрлыбек Бақытбекұлы

Кафедра байланыстары

Мекен-жайымыз: Алматы қ., Қарасай батыр к., 95

 

Кафедраның орналасқан жері: 3 қабат, 332 кабинет

 

Кафедра телефоны: +7(727) 292-57-17

 

Instagram

 

Facebook

 

TikTok

Кафедра тарихы

      Қазақ  ұлттық  университетінің   ректорының  10.02.2009  жылғы №20   бұйрығы және университеттің   Ғылыми  кеңесінің  27.02.2009 жылғы №4  шешімімен  кафедра  «Жоғары оқу орынына дейінгі дайындық кафедрасы» деп аталынып, өз  жұмысын  жаңа  бағытта  бастады.  Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының негізгі міндеттері:
- Жетілдірілген оқу үдерісі арқылы ҚР жоғары оқу орындарында тыңдаушыларды білім алуға және кешенді тестілеуге дайындау;
- Мемлекеттік тілде алған білімдерін жүйелендіру, маңызды ұғымдарды меңгерту, жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруға қажетті білімдерін толықтыру;
-Тыңдаушылардың қазақ тілінде кәсіби-оқу, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени және қоғамдық-саяси саладағы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру
Кафедра жұмысының негізгі мақсаты – тыңдаушылардың кешенді тестілеуге дайындау. Атап айтқанда, кешенді тестілеудің негізгі пәндері (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және қазақстан тарихы) мен профильді пәндері (математика, география, химия, физика, биология, информатика, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі) бойынша дайындық жүргізеді. Сонымен қатар, шетелдік тыңдаушыларды жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына магистратураға оқуға түсуге дайындайды.  Кафедра жұмысының негізгі бағыттары – ғылыми, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстарына белсенді ат салысады.

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

ТДМ бойынша жұмыс жоспары

22 мб, pdf