Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Бейіндік мектеп

Құрметті оқушы! Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Бейіндік мектебінің он жылдан астам тарихы, заманауи технологиямен жабдықталып, университет дәстүрлеріне сай даму үстіндегі өз саласының үздік мамандары білім беретін мектепке қош келдіңіз! Бейіндік мектеп 2011 жылы 10 және 11 сынып оқушыларына арналған «Бейіндік мектеп» жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ғылыми кеңесінің 27 маусымдағы шешімімен (№7 хаттама) және ректордың 11 шілдедегі № 236 бұйрығымен, қазақстандық білім беруді дамытудың жаңа міндеттерін ескере отырып ашылған.

Толығырақ
Есенова Камчат Аугажыевна

Мектеп директоры

Есенова Камчат Аугажыевна

+7(727) 292 - 57 - 17 (вн. - 1720)

Кафедра байланыстары

Адрес: ул.Масанчи, № 39/47 (угол ул. Богенбай батыра), 050038, город Алматы, Республика Казахстан.

Тел.: +7(727) 292-57-17

Кафедра тарихы

    2011 жылы 10-11 сынып оқушыларына арнап құрылған Бейіндік мектеп Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде бүгінгі таңда қызмет атқаруда.  Бейіндік мектепті құрудың мақсаты әлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияланған көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды айқындау болды.   Бейіндік оқытудың негізгі міндеттері:
- Қазақстандық білім беру реформасының қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін жалпы орта білім берудің инновациялық моделі-үздіксіз білім беру кластерінің (Мектеп-колледж-университет) тұтас жүйесін құру;
- Оқу, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мазмұнын жаңарту, ЖОО компоненттері мен НИМ оқу бағдарламаларын қоса отырып, оқыту мазмұнын саралау;
- Жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту әдістемесі мен әдіснамасы саласындағы университеттің инновациялық әзірлемелерін сынақтан өткізу.
  Мектептің миссиясы – түлектерді, зияткерлік ұлттың болашақ өкілдерін даярлау, олардың өкілдері бәсекеге қабілетті білімге, креативті ойлауға ғана емес, сонымен қатар жоғары азаматтық және адамгершілік принциптерге, патриотизм мен әлеуметтік жауапкершілік сезіміне, белсенді қоғамдық ұстанымы бар, тануға, зерттеуге және шығармашылыққа қабілетті, жоғары мәдениеті мен руханиятына ие тұлғаларды даярлау. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебінде оқытудың химиялық-биологиялық, қоғамдық-гуманитарлық және физика-математикалық бейіндері бар сыныптар ашылған.

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

Лицензия

22 мб, pdf

Методист

22 мб, pdf

Педагог-психолог

22 мб, pdf