Медицина және денсаулық сақтау факультеті

Саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы

Медицина факультеті ҚДСЖМ денсаулық сақтау саясаты және оны ұйымдастыру кафедрасы 2016 жылдың маусым айында құрылды. Мақсаты – қоғамдық денсаулық сақтау бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, денсаулық сақтауды реформалау жағдайында менеджмент, маркетинг, экономика және фармация сұрақтары бойынша денсаулық сақтау органдары мен мекемелері жетекшілерінің біліктілігін арттыру. Кафедра магистранттар үшін денсаулық сақтау саласындағы менеджмент бойынша арнайы курстарды оқытуды қамтамасыз етеді. Аталған пәндер басқару, экономика мәселелеріне, сапа менеджменті және медициналық ұйымдардың жұмысын құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған.

Толығырақ
Капанова Гульнара Жамбаевна

Кафедра меңгерушісі

Капанова Гульнара Жамбаевна

Кафедра байланыстары

Кафедра тарихы

Кафедра меңгерушісі – медицина ғылымының докторы, профессор Қапанова Гүлнара Жамбаевна. Кафедра қызметкерлері барлық бағытта белсенді жұмыс істейді: денсаулық сақтау менеджменті, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы, басқару психологиясы, қоғамдық денсаулық сақтау бойынша бағдарламаларды экономикалық талдау, ғылыми-зерттеу жобаларын басқару, стратегиялық жоспарлау және т.б. салаларда білім беру, ғылыми-зерттеу, консалтингтік және сараптамалық қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, медицина ғылымының докторы, профессор Бөрібаева Жанар Қуанышбековна, медицина ғылымының кандидаты, доцент Көшкімбаева Сабира Абдыманаповна, PhD доктор  Камхен В.Б., медицина ғылымының кандидаты, доцент Байғонова Қайни Сағымбаевна, заң ғылымының кандидаты, доцент  Мәуленова Бақыт Нүсифовна.

       Университет кафедралары рейтингінің қорытындысы бойынша 2017 жылы біздің кафедра ҚазҰУ-да бірінші орынға ие болды.

          Кафедра сондай-ақ қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында мамандар даярлауды жүргізеді.
         2018 жылы кафедра 6М101 – Медицина (зерттеуші-дәрігер) мамандығы бойынша жаңа бағыттар ашылды. Бұл бағдарлама MacGill (Канада) университетінің оқытушысы, профессор Н.Дәулетбаев  бірлесіп әзірленген. Бағдарлама патенттелген. Авторлық құқық туралы куәлік алынды.
        2019 жылы біз барлық бағдарламаларды қайта өңдедік, сондай-ақ 8D101 – медицина докторантурасы бойынша жаңа бағыт аштық, онда бағдарлама медицина саласындағы зерттеушілерді даярлауға бағытталған және екі бағыт бойынша-прецизиондық медицина және математикалық үлгілеу бойынша дайындықты көздейді.
      Сондай-ақ 2019 жылы мейірбике – зерттеушілерді даярлау бойынша магистратураның инновациялық бағдарламасы (клиникалық сынақтар менеджменті және электрондық тіркелімдер менеджменті бойынша) әзірленді, денсаулық сақтау менеджменті бойынша екі жылдық жаңа бағдарлама әзірленді.
       Барлық бағдарламалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енді, сарапшылар мен жұмыс берушілер мақұлдады.
       Қазіргі уақытта кафедрада Моңғолия мен Ауғанстаннан келген шетелдік студенттер де білім алуда.

Кафедра меңгерушісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор Капанова Гульнара Жамбаевна. Кафедра қызметкерлері барлық бағытта белсенді жұмыс істейді: денсаулық сақтау менеджменті, қоғамдық денсауклық және денсаулық сақтау, денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы, басқару психологиясы, қоғамдық денсакулық сақтау бойынша бағдарламаларды экономикалық талдау, ғылыми-зерттеу жобаларын басқару, стратегиялық жоспарлау және т.б. смалаларда білім беру, ғылыми-зерттеу, консалтингтік және сараптамалық қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бурибаева Жанара Куанышбековна, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Кошкимбаева Сабира Абдыманаповна, PhD доктор  Камхен В.Б., медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Байгонова Кайни Сагымбаевна, заң ғылымдарының кандидаты, доцент  Мауленова Бахыт Нусифовна. Университет кафедраларының рейтингісінің қорытындысы бойынша 2017 жылы біздің кафедра ҚазҰУ-да бірінші орынға ие болды.
          Кафедра сондай-ақ қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында мамандар даярлауды жүргізеді.
         2018 жылы кафедра 6М101 - Медицина (зерттеуші-дәрігер) мамандығы бойынша жаңа бағыттар ашылды. Бұл бағдарлама MacGill (Канада) университетінің оқытушысы, профессор Даулетбаев Н. бірлесіп әзірленген. Бағдарлама патенттелген. Авторлық құқық туралы куәлік алынды.
        2019 жылы - біз барлық бағдарламаларды қайта өңдедік, сондай-ақ 8d101 - медицина докторантурасы бойынша жаңа бағыт аштық, онда бағдарлама медицина саласындағы зерттеушілерді даярлауға бағытталған және екі бағыт бойынша-прецизиондық медицина және математикалық үлгілеу бойынша дайындықты көздейді.
      Сондай-ақ 2019 жылы Мейірбике - зерттеушілерді даярлау бойынша магистратураның инновациялық бағдарламасы (клиникалық сынақтар менеджменті және электрондық тіркелімдер менеджменті бойынша) әзірленді, Денсаулық сақтау менеджменті бойынша 2 жылдық жаңа бағдарлама әзірленді.
Барлық бағдарламалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енді, сарапшылар мен жұмыс берушілер мақұлдады.
Қазіргі уақытта кафедрада Моңғолия мен Ауғанстаннан келген шетелдік студенттер де білім алуда.

Гранттық және шетелдік жобалар