Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық құқық кафедрасы

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамында 32 қызметкер, соның ішінде 2 заң ғылымдарының докторы, 15 кандидат, 5 PhD докторы, 10 заң магистрлері бар. Оқытушылардың көпшілігі шетелдік оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда оқу және біліктілікті арттыру тәжірибесіне ие бола, өз ғылыми қызығушылықтары саласында Қазақстандағы жетекші мамандар болып табылады. Кафедраның қызметкерлері халықаралық құқықтың түрлі салалары бойынша көптеген авторлық арнайы курстар, оқу құралдарын дайындаған. Кафедра БҰҰ және ЕҚЫҰ-ның ҚР-дағы Өкілдіктері, Қазақстандық Халықаралық Құқық Академиясы, Халықаралық және Еуропалық Заңгер Студенттер Ассоциациясы, Халықаралық Қызыл Крест Комитеті сияқты ұйымдармен стратегиялық әріптестікті жүзеге асырады. Мамандық студенттері бірқатар республикалық және халықаралық байқаулар, ғылыми конференциялар, ойын сот турнирларында қалыпты жоғары орындар алып тұрады. Кафедраның жұмысы уақытында мемлекеттік қызмет, халықаралық ұйымдар, жеке бизнес және құқықтық ғылым салаларында лайықты орнын тапқан мамандар дайындалды. Кафедраның ұраны – «Біріншілер арасында теңдес, теңдестер арасында бірінші» – кафедраның қазақстандық білім беру флагманының жетістіктері мен имиджін нығайту және жетілдіруге талпынысын білдіреді.

Толығырақ
Сайрамбаева Жулдыз Талғатқызы

Кафедра меңгерушісі

Сайрамбаева Жулдыз Талғатқызы

Кафедра байланыстары

Кафедра тарихы

Халықаралық құқық кафедрасы 1990 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті құрамында құрылды және Қазақстан тарихындағы алғашқы мамандандырылған халықаралық құқықтық кафедра болды. Оның бастауында з.ғ.к., доцент (кейіннен з.ғ.д., профессор) М.А.Сәрсембаев тұрып, кафедраның алғашқы меңгерушісі болды және оны 1990 жылдан 2000 жылға дейін басқарды.

   Халықаралық құқық кафедрасының құрылуы Қазақстан Республикасының шынайы егемендік иеленуіне байланысты болды. Оған дейін халықаралық құқық саласында маманданған кафедралар тек Мәскеу мен Киевте ғана болған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «халықаралық құқық» пәні мемлекеттік құқық пен кеңестік құрылыс кафедрасында, кейбір уақытта (70-жылдардың бірінші жартысында) – әкімшілік құқық кафедрасында түрлі оқытушылармен, с.і. У.Д. Жекебаев, Н.С.Сағындықов, М.А.Биндер, А.С.Богодухов, М.А. Сәрсембаевпен өткізілді.

   Халықаралық құқық бойынша кандидаттық диссертация қорғаған Қазақстанның бірінші өкілі У.Д. Жекебаев болды (ММУ, 1959 ж.). 1978 ж. халықаралық құқық бойынша кандидаттық диссертациясын С.М. Киров атындағы ҚазМУ-да халықаралық құқық оқытқан М.А.Сәрсембаев қорғады (МХҚМИ). 1985-1987 жж. ол дипломатия мен халықаралық құқық бөлімін ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін Кабул университетіне (Ауғанстан) жіберілді. 1989 ж. Ауғанстаннан қайтып келіп, М.А.Сәрсембаев заң факультетінің деканы бола тұра, Қазақ КСР сыртқы экономикалық дербестігін ескере, заң факультеті шеңберінде мамандандырылған халықаралық құқықтық бөлім және халықаралық құқық кафедрасын ашу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын бастады.

   Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан кейін халықаралық заңгерлерді дайындаудың салмақ орталығы сыртқы саяси аспектілерге ауысты. 1990-1994 жылдар аралығында кафедраның негізгі құрамы қалыптаса бастады, сол жылдардағы кафедраның алғашқы мүшелері Р.Г. Ахмадиев, К.Б. Батырбаев, А.Б. Ыдырысов, Г.Б. Іспаева, А. Қарашев, П.К. Өмірзақов, А.К. Өртембаев, С.Ж. Айдарбаев, Ж.М. Аманжолов, Г.А. Мәшімбаева еді.

   1994ж. М.А.Сәрсембаев Ресей Ғылым академиясының (Мәскеу) Мемлекет және құқық институтында докторлық диссертация қорғады. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациялар қорғау бойынша Қазақстандағы алғашқы диссертациялық кеңес ашылды. Бұл кеңесте Қазақстан азаматтарынан алғашқы кандидаттық диссертацияны 1999 жылы С.Ж.Айдарбаев қорғады, ол 2000 жылдан 2003 ж. желтоқсанына дейін халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі болды. 2004 жылдан 2008 ж. қыркүйегіне дейін оның докторантурада оқуына байланысты кафедра меңгерушісі міндеттерін з.ғ.к., доцент М.С. Досымбекова атқарды. 2008 ж. С.Ж. Айдарбаев кафедра меңгерушісі міндеттеріне қайта кірісті. 2011 ж. ол заң ғылымдарының докторы дәрежесін іздестіру бойынша диссертациясын қорғады.

Гранттық және шетелдік жобалар