Шығыстану факультеті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы
1984 жылы Шығыс филологиясы кафедрасы ашылды, ол қазіргі шығыстану факультетінің негізін қалады. Шығыстану кафедрасының ашылуына сол кездегі ҚазМУ ректоры Өмірбек Арсланұлы Жолдасбеков үлкен қолдау көрсетті. Кафедра тарихы белгілі шығыстанушы ғалым, ҚР мемлекет қайраткері, Жоғары Мектеп академиясының академигі, профессор Әбсаттар Дербісәлі есімдерімен тығыз байланысты. Кафедра мен факультетті құра отырып, ол араб тілінің алғашқы оқытушысынан, содан кейін кафедра меңгерушісі, факультет деканынан бастап Халықаралық қатынастар жөніндегі проректорға дейінгі еңбек сатысына көтеріле бастады.
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі
Кокеева Дарига Молдагалиевна
Телефон/Phone number: 8 (727) 243-83-54
Адрес электронной почты/Email address: dariga.kokeyeva@kaznu.edu.kz
Кафедра байланыстары
Карасай Батыр 95,422 кабинет
377-33-30 ішкі 17-91
Кафедра тарихы
Оқытушылық қызметке Ленинград университетін бітірген қазақтың тұңғыш арабтанушы қызы М.Н.Мәженова, сол университеттің үздік түлектері Г.Е.Надирова, Ф.Х.Мамеко, Т.Н.Жемкова, Ташкент университетінің түлектері Г.Рамазанова, Д.Н.Нұртазинова сияқты жоғары білікті мамандар шақырылды.
2011 ж. университетте өткен қайта құруға байланысты, араб және парсы тілдері біріктіріліп, «Арабтану және ирантану» кафедрасы ашылды, кафедра меңгерушісі болып профессор Г.Е.Надирова сайланды.
Кафедра меңгерушісі қызметін 2012-2014 жж. ф.ғ.к., доцент А.К.Ахметбекова, 2014-2017 жж. М.Б.Салқынбаев атқарды.
Модернизацияланудың нәтижесінде 2015 жылдың 1-ақпанынан бастап «Арабтану және ирантану» кафедрасының атауы «Таяу және Орта Шығыс кафедрасы» болып өзгерсе, 2015-2016 оқу жылында үндітану бөлімінің қосылуына байланысты кафедра атауы «Таяу Шығыс жəне Оңтүстік Азия Кафедрасы» деп атала бастады.
2014-2019 жж. «Арабтану бөлімінің» меңгерушісі қызметін – ф.ғ.к., доцент Көптілеуова Д.Т., 2020-2022 жж. – ф.ғ.к. Жұмажанова Ф.Т., 2022 жылдан бастап аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Хаван Айдынгүл атқарып келеді.
Қазіргі уақытта арабтану бөлімінде 19 білікті маман – 2 ғылым докторы, профессор, 7 ғылым кандидаты, 5 PhD докторы, 4 гуманитарлық ғылымдар магистрі қызмет атқарады.
БІЗДІҢ МАҚТАНЫШ - ТҮЛЕКТЕРІМІЗ
ҮНДІТАНУ
Шығыстану факультетінде үнді тілдері (урду, хинди) 1992 жылдан бері оқытылып келеді. Факультеттегі урду тілінің алғашқы ұстазы – Ташкент университетінің түлегі, PhD доктор Досова Сенімгүл Наурызбайқызы. 1998 жылы үндітану бөлімінде хинди тілі оқытыла бастады. Хинди тілі бойынша алғашқы ұстаз, Ташкент университетінің түлегі - Зәуре Еренқызы Искакова.
Үндітану бөлімінде 1996 жылдан бері 100-ге жуық бакалавр, 20 магистр, 10 докторант білім алды. Түлектер арасынан 4 ғылым кандидаты, 2 PhD доктор шыққан. Бөлім түлектері университеттерде, Ғылым ордасында, Сыртқы істер және Қорғаныс министрліктерінде, ұлттық компанияларда және т.б. салаларда қызмет етеді.
Алғашқы түлектердің бірі Алимбаев Ерлан Алтынбайұлы бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және басқа да халықаралық ұйымдардағы кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарады. Бұған дейін ҚР-ның Үндістандағы Елшісі қызметін және де басқа да лауазымы жоғары қызметтер атқарды. Данияр Рамазанұлы Қадиров Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарды. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде. Сонымен қатар Шойбеков Зәуір ҚР-ның Үндістандағы әскери атташесі қызметін, Серікбосын Азат ҚР-ның Үндістандағы Елшінің кеңесшісі қызметін атқаруда.
Шетелдік әріптестер – Үндістан Республикасының ҚР-дағы Елшілігі, Үндістан Республикасының ҚР-дағы Бас Консулдығы және Үндістан Республикасының ҚР-дағы жанындағы С.Вивекананда үнді мәдени орталығы, Джавахарлал Неру университеті, Дели университеті, Үндістандағы Хинди тілі орталығы, Вардха университеті, Джамия Милья университеті (Дели), Пәкістан Ислам Республикасының ҚР-дағы Елшілігі, Пәкістан Ислам Республикасының ҚР-дағы Бас Консулдығы, Пенджаб университеті (Лахор).
Үндітану бөлімінде М.Ганди орталығы, Мухаммед Али Джина орталығы, үндітану орталығы бар. Сонымен қатар үндітану бөлімінде студенттердің «Жас Үндітанушылар» үйірмесі жұмыс істейді, жетекшісі – М.М. Пернекулова.
2015-2018 жж. үндітану бөлімін ф.ғ.к., доцент Д.М. Кокеева, 2018-2020 жж. гум.ғ.магистрі А.С.Тұрар, 2020-2021 жж. гум.ғ.магистрі Д.Н.Таирова, 2021ж. бері гум.ғ.магистрі М.М.Пернекулова басқарады. Бөлім ұстаздары үндітануға қатысты бірнеше кітаптар шығарған.
ИРАНТАНУ
Шығыстану факультетінде парсы тілі 1989 жылдан бері оқытылып келеді. Факультеттегі парсы тілінің алғашқы оқытушысы – Ленинград университетінің түлегі Мунатаев М.М. 1990-1994 жж. ирантану бөлімінде А.Т. Оразбай, С.А. Мусоев, М.К. Абусейтова, А. Айдашов, И. Жеменей, М. Журсинбеков, Зейнали, М. Қанағатов дәріс берді.
1991 жылы иран-түрік филологиясы кафедрасы құрылып, профессор Л.З.Рүстемов кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. Ирантану және үндітану кафедрасын 1993-1994 жж. Ленинград университетінің түлегі т.ғ.д. Ж.М. Жаппасбаева-Төлебаева, 1994-2008 жж. профессор Ө.К. Күмісбаев, 2008-2011 жж. кафедра түлегі Ғ.Т. Жумадилова басқарды.
Ирантану бөлімінде Хакам, Гүлзари, Ислами-Торбати, PhD Мовахединфард, PhD Камаладдин, PhD Мохаммади, PhD Исфархам, PhD Новин, PhD Ченари, PhD Изади секілді ирандық мамандар да қызмет етті.
2012-2015 жж. «Ирантану бөлімін» – аға оқытушы Ғ.Т. Жумадилова, 2015-2017 жж. – т.ғ.к. Ж.Ж. Жеңіс, 2017-2018 жж. PhD Ф.К. Ахметова және аға оқытушы Т.Н. Махмутов, 2018-2019 жж. аға оқытушы Ғ.Т. Жумадилова, 2019-2020 жж. аға оқытушы А.Ж. Боранбаева, 2020-2021 жж. PhD Б.Ш. Батырхан, 2021-2022 жж. аға оқытушы Б.К. Базаркулова және ф.ғ.к. Ғ.Ә. Қамбарбекова басқарды. 2022 жылдан бастап бөлім меңгеруші қызметін аға оқытушы А.Ж. Боранбаева атқарып келеді.
1994 жылдан осы күнге дейін ирантану бөлімін 170-ке жуық бакалавр, 25 магистр бітіріп шықты. Докторантурада 4 кафедра түлегі білім алды.
Ирантану бөлімі түлектері арасынан 9 ғылым кандидаты, 4 PhD шыққан. Бөлім түлектері университеттерде, Ғылым ордасында, министрліктерде, ұлттық компанияларда және т.б. салаларда қызмет етеді.
Ирантану бөлімінде ирантану орталығы, Тәжік тілі және мәдениеті орталығы, Иран-Тұран ғылыми-зерттеу орталығы бар. Бөлімде студенттердің «Гүлістан» үйірмесі жұмыс істейді, жетекшісі – ф.ғ.к. Ғ.Ә. Қамбарбекова.
Шетелдік әріптестері – Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы, Бас консулдық жанындағы Мәдени өкілдік, Саади қоры (Иран).
Гранттық және шетелдік жобалар
Құжаттама
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf