Шығыстану факультеті

Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы

Қазақстандағы білім ордаларының қара шаңырағы саналатын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шығыстану факультеті 1989 жылы ашылды. Аталған факультетте 8 шығыс тілі оқытылады. Олар: араб тілі, түрік тілі, парсы тілі, урду тілі, хинди тілі, жапон тілі, корей тілі және қытай тілі. Туыстас түрік тілін оқып үйрену сонау 1991-1992 оқу жылынан бастау алады. Ол жылдары енді ғана басталған түрік тілі мен әдебиетін оқыту «Иран-түрік филологиясы кафедрасында» қолға алынды. Осылайша Қазақстанда түрік тілін оқытудың алғашқы баспалдағы мен берік негізі қаланып, оған профессор З. Л. Рүстемов басшылық етті. Алғашқы жылдары Түркия Республикасы Ерджиес университетінің түлегі Хасан Иылмазтүрк, Абант Иззет Байсал университетінің түлегі Рамазан Чакыр, Селчук университетінің түлегі Билал Чуллукоғлулар дәріс берді. 1991-1992 оқу жылында І курсқа 8 студент (5 жылдық), 1992-1993 оқу жылында 9 студент (4 жылдық) қабылданды. Алғашқы түлектер бітіретін жылы, 1996 жылы 11 сәуірде «Түрік филологиясы» кафедрасы жеке шаңырақ көтерді.

Толығырақ
Эгамбердиев Мырзахан Шарипбаұлы

Түрксой кафедрасының меңгерушісі

Эгамбердиев Мырзахан Шарипбаұлы

Телефон: +7 775 637 0067
почта: mirzahan.egamberdiyev@gmail.com

Кафедра байланыстары

Карасай Батыра 95, 431 кабинет
Телефон: 377-33-30 ішкі 17-95

Кафедра тарихы

Түрксой кафедрасы «6В02207-Шығыстану», «6В02301-Шетел филологиясы (шығыс тілдері)», «6В02302-Аударма ісі (шығыс тілдері)», «7M02217- Шетел филологиясы (шығыс тілдері) )», «7M02302-Аударма ісі (шығыс тілдері)», «8D02209-Шығыстану», «8D02305-Шетел филологиясы (шығыс тілдері)», «8D02301-Аударма ісі (шығыс тілдері)», «7M03115-Аймақтану: шығыс елдері» білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандарды дайындайды.

Кафедрада 77 студент, 7 магистрант және 5 докторант білім алуда. Кафедрада түрік тілі мен әдебиеті, Түркияның тарихы, мәдениеті, саясаты және экономикасы бойынша 16 оқытушы дәріс оқиды, оның ішінде 7 ғылым кандидаты және PhD докторлары бар, ал 9 оқытушы Түркияның ЖОО бітірген түлектер. Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы студенттердің түрік тілін жетілдіру мақсатында шетелдік оқытушымен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта кафедрада шетелдік оқытушы, PhD Селенай Кошумджу ханым қызмет етуде.

2017 жылдан бастап профессор З. Шадкам жетекшілігіндегі «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу  орталығы жұмыс істейді. Орталықтың негізгі міндеттері:

* Қазақстан аумағында табылған шығыс тілдеріндегі (араб, парсы және шағатай) қолжазбалар қорын жинау және құрастыру;

* Тарих, этнография, археология, филология, әдебиет, философия, дін, шығыстану, түркітану бойынша зерттеулерге негіз бола алатын қолжазбалардың салалық көрсеткішін әзірлеу;

* Қазақстан аумағында табылған қолжазбаларды зерделеу, оларды ғылыми айналымға енгізу.

2018 жылдың 7 мамырында Түрксой кафедрасы жанынан «Әзірбайжанның тарихы және мәдениеті» орталығы ашылды. Бұл Әзірбайжан Республикасының Қазақстанда ашқан алғашқы орталығы.

Кафедрада білім беру бағдарламалары бойынша әртүрлі деңгейде білім алып жатқан студенттер, магистранттар және доктораттарды өндірістік және зерттеу тәжірибелерінен өткізу қарастырылған. Негізгі тәжірибе  базалары ретінде «Қазақстан-Зираат халықаралық банкі» еншілес банкі» АҚ, ҚР Ұлттық кітапханасы, «Түркі халықтары мәдениеті Алматы қоры» қоғамдық қоры және  Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Еуразиялық зерттеулер институты таңдалған. Ғылыми тәжірибе бойынша магистрант пен докторанттар Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында, «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығында, Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтында зерттеу тәжірибесінен өтеді.

Қазіргі таңда кафедра түлектері Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінде, «Қазақстан-Зираат халықаралық банкі» еншілес банкі АҚ-да, Қазақстанның жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу және сараптамалық институттарында, әкімшілікте, журналистика саласында және Қазақстан мен Түркияның түрлі компанияларынды қызмет атқарып келеді.


Кафедра тарихы

1991-1992 оқу жылынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде түрік тілі мен әдебиеті және тарихы мамандары даярланады. Шығыстану факультетінің дербес кафедрасы ретінде 1996 жылдың 11 сәуірінен бастап қызмет көрсетеді. 1996 жылы аталған бөлімді тамамдаған           17 студент кафедраның алғашқы түлектері. 1996 жылдан бері кафедраны 500-ден астам бакалавриат, магистратура және PhD докторантура түлектері бітірді.  Кафедраның негізін қалаушы және тұңғыш меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Фадли Фазлиұлы Әли.

2000 жылдан бастап кафедра елтану бағытында қайта құрылып, тек түрік тілі мен әдебиеті ғана емес, Түркияның тарихы, мәдениеті, діні, саясаты және экономикасы бойынша білім бере бастады. Бұл түлектердің оқылатын ел (Түркия) турасындағы жан-жақты білім алуы мен кез-келген салада жұмыс атқаруына негіз болды. 2005 жылы Азия және Африка елдерінің тарихы кафедрасының шығыстанушы-тарихшы мамандарының кафедраға ауысуына байланысты кафедра атауы «Түркология және Шығыс елдері  тарихы» кафедрасы болып өзгертілді. 2011 жылы «Түркітану» мамандығының ашылуына байланысты кафедра атауы «Түркітану және Шығыс елдерінің  тарих» кафедрасы деп ауыстырылды. Ал 2012 жылдан бастап кафедра «Түркітану және үндітану» кафедрасы аталды. 2015 жылдан бастап «Түрксой» кафедрасы болып өзгертілді.

1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кафедраны елімізге танымал бірқатар ғалымдар басқарды. Атап айтсақ, Ф.Ф.Али, А.Ә. Тұрғанбаев, А.К. Калиев, И.Б. Карсаков, Р.А. Авакова, С.Н. Досова, О.С. Сапашев, Е.З. Қажыбек, Т.Е. Қыдыр, У.Т. Кыдырбаева, М.Ш. Эгамбердиев. Габдуллин К.Т.

2024 жылдан бастап кафедраны қауымдастырылған профессор М.Ш.Эгамбердиев басқарады. Түрксой кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Халел А. Түрксой кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары,  ф.ғ.к аға оқытушы Дулаева Э.

Кафедра тарихында аталған жылдары көрнекті ғалымдар мен сарапшылар, атап айтсақ, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор          А.А. Чупеков, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ф. Ф. Әли, тарих ғылымдарының кандидаты И.Б. Карсаков, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.А. Авакова, аға оқытушы А.К. Калиев дәріс оқыды.

Қазіргі кездегі кафедраның оқытушы-профессор құрамы мынадай: профессор З. Шадкам, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ш. Эгамбердиев, PhD, қауымдастырылған профессор А. А. Құрманали Чакыроглу, PhD, аға оқытушылар  Е.А. Қуанышбаев, Э.З. Дулаева,Н.Қ. Халел А., Қайранбаева Н.Н. Ілияс , аға оқытушылар К.Б. Жанатаева, А.Ж. Назарова, Ж.Ә. Әбелдаев, Г.К. Теменова, Н.М. Шуиншина Мета,  Э.Ә. Монтанай, шетелдік PhD, аға оқытушы Саваш Шахин.


Кафедраның ғылыми жетістіктері

Кафедраның негізгі ұстанымы - отандық және шетелдік ғалымдармен, әртүрлі ғылыми ұйымдармен ынтымақтаса отырып, ғылыми байланыстар орнату, бірлескен іс-шаралар, конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу, ғылыми жобалар бойынша зерттеу жұмыстарын бірлесіп іске асыру, монографиялар, ғылыми-зерттеу жинақтары, оқулықтар мен оқу құралдары, түрлі сөздіктер мен оқу-әдістемелік нұсқаулықтар шығару және тәжірибе алмасу.

Кафедраның оқытушы-профессор құрамының ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары мыналар: түрік тілі мен әдебиеті, Түркияның тарихы, мәдениеті, геосаясаты мен сыртқы саясаты, экономикасы, қолжазба дереккөздері, салыстырмалы тіл білімі, компаративистика.

Кафедраның оқытушы-профессор құрамының ғылымдағы ізденістері өте жоғары. SCOPUS дерекқорында индекстелген 8 монография, 12 оқу құралы, 21 ғылыми мақала, ҚР КОКСОН журналдарында 62 мақала жарияланды, 8 авторлық куәлік тіркелген. Кафедра бойынша 8 оқытушының хиршасы 1 және одан жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.

Кафедрада 2021-2023 жылдары профессор  З. Шадкамның жетекшілігінде AР09259326  «Дастӯр ал-‘илāдж» - дала медицинасының қайнар көзі» атты ғылыми жобасы іске асырылды.

Кафедраның қауымдастырылған профессорлары М.Ш. Эгамбердиев (2022) пен З. Шадкам  "ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2023) иегерлері.


Кафедраның халықаралық байланыстары

Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы  кафедрасы Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы, Түркия Республикасының елшілігі, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Түркі академиясы, Түрік ынтымақтастығы және даму агенттігі (ТИКА), Ыстамбұл университетінің «Әл-Фараби» орталығы, «Түркі мәдениеті Алматы қоры» қоғамдық қорымен тығыз байланыста.

Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының  білім және ғылым салалары бойынша Түркия Республикасындағы негізгі серіктестері: Стамбул университеті, Анкара университеті, Анкара Хажы Байрам Вели университеті, Османгази университеті, Памуккале университеті, Эге университеті, Хаджеттепе университеті.

Әр жыл сайын студенттеріміз Түркияның аталған жетекші университеттерінде тілдік және ғылыми тағылымдамадан өтуде. Жыл сайын Түркияның бірқатар жетекші университетерінің студенттері, магистранттары мен докторанттарына арналған қысқы және жазғы мектептер өткізіледі.

Түрксой кафедрасында" Әзірбайжан тарихы мен мәдениеті " орталығының ашылуы (2018 ж.)

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

ТҮРКСОЙ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

22 мб, pdf

АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ

22 мб, pdf

АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ

22 мб, pdf

ТҮРКСОЙ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

22 мб, pdf

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ ТҮРКСОЙ КАФЕДРАСЫНЫҢ 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОСПАРЫ

22 мб, pdf

ТҮРКСОЙ КАФЕДРАСЫНЫҢ 2022-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ

22 мб, pdf

ТҮРКСОЙ КАФЕДРАСЫНЫҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЕСЕБІ

22 мб, pdf

Қуанышбаев Е. іс-сапар

22 мб, pdf

Біліктілікті арттыру Шуиншина Н.

22 мб, pdf

"Сыбайлас жемқорлықпен күрес" әлеуметтік сауалнамасының (Студенттер көзімен) нәтижесі

22 мб, pdf

академиялық ұтқырлық

22 мб, pdf

Бұйрық. Шетелдік іс-сапар. Қыдырхан Ақерке Бегжанқызы Жарқынбек Жанбота Нұрғалиқызы Мұхидин Гүлдана Кәрімқызы Утегенова Зарина Адылбекқызы

22 мб, pdf

2025-2027 жылдарының тақырыптық жоспары

22 мб, pdf

2024 - 2025 оку жылына арналган МЕДИА-ЖУМЫС ЖОСПАРЫ

22 мб, pdf

2024-2025 ОКУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫК ЫНТЫМАКТАСТЫҚ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР

22 мб, pdf

Біліктілікті арттыру жоспары

22 мб, pdf

ТУРАҚТЫ ДАМУ МАКСАТТАРЫ (ЦУР)» НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ 30.09.-31.10 АРАЛЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

22 мб, pdf

Кафедра жылдық жұмыс жоспары 2024-2025

22 мб, pdf

Жұмыспен қамту Түркология және Шығыс елдері кафедрасы 2024-2025 ж.ж

22 мб, pdf

ТЕМ. ПЛАН РУМС 2024-2027

22 мб, pdf