Кафедра
Механика-математика
Есептеу ғылымдары және статистика
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Есептеу ғылымдары және статистика" кафедрасы ел мен өңірдің даму перспективаларына сәйкес отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлауға бағытталған. Білім алушылар есептеу ғылымы, есептеу әдістері, айырымдық схемалардың жинақталуын талдау саласында терең білімді қалыптастырып, математикалық есептеулер негізінде деректерді талдап және болжау үшін статистика әдістерін пайдаланып, ЖОО мен ҒЗИ-да ғылыми зерттеулерді және педагогикалық қызметті жүзеге асыру дағдыларын дамыта алады.
Толығырақ
PhD, қауымдастырылған профессор
Темірбеков Алмас Нұрланұлы
Кафедра байланыстары
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика кафедрасы 1989 ж «Функционалдық анализ және ықтималдықтар теориясы» деген атпен ұйымдастырылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі - Қазақ ССР Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА корреспондент - мүшесі (қазір ҚР ҰҒА академигі), физика - математика ғылымдарының докторы, профессор Т.Ш. Кальменов (1989-1991 ж.). Одан кейінгі жылдары кафедра меңгерушілері болып А.А.Беделбаев (1991-1992), профессор Н.Т.Темірғалиев (1992-1997), ҚР ҰҒА академигі, профессор М.Өтелбаев (1997-2000), ҚР ҰҒА академигі, профессор Н.Қ.Блиев (2000-2005) және доцент Н.Ақанбай (2005-2011) қызмет атқарды. Кафедраның оқу-әдістемелік және педагогикалық қызметтерінің негізгі бағыттарының түбегейлі өзгеруіне байланысты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінің 26.05.2009 ж. шешімімен кафедраның аты «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» болып өзгертілді.
«Есептеу ғылымдары және статистика» кафедрасы бүгінгі күні механика-математика факультетінің әртүрлі мамандықтары бойынша бакалаврлар, магистрлер және математика бағыты бойынша философия докторларын (PhD) дайындайды.
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf