Кафедра
Механика-математика
Есептеу ғылымдары және статистика
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Есептеу ғылымдары және статистика" кафедрасы ел мен өңірдің даму перспективаларына сәйкес отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлауға бағытталған. Білім алушылар есептеу ғылымы, есептеу әдістері, айырымдық схемалардың жинақталуын талдау саласында терең білімді қалыптастырып, математикалық есептеулер негізінде деректерді талдап және болжау үшін статистика әдістерін пайдаланып, ЖОО мен ҒЗИ-да ғылыми зерттеулерді және педагогикалық қызметті жүзеге асыру дағдыларын дамыта алады.
Толығырақ
PhD, қауымдастырылған профессор
Темірбеков Алмас Нұрланұлы
Кафедра байланыстары
КАФЕДРА ТАРИХЫ
Қолданбалы математиканы дамыту туралы үкіметтің қаулысына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қолданбалы математика» мамандығы және осыған аттас кафедра 1972 жылы ашылған. Алғашқы кафедра меңгерушісі - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Алексей Тимофеевич Лукьянов еді. Жаңа мамандықты ойдағыдай игеруге көп ықпал жасаған академик Ө.М. Сұлтанғазин, Г.О. Розенфельд, С.Ә. Айсағалиев, С.А. Атанбаев секілді оқытушы-профессорлар болды. «Қолданбалы математика» мамандығы дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика, есептеу математикасы, басқару теориясы, электрондық есептеу құралдарында программалау секілді математика салаларын терең білуді талап етеді.
Осы жылы Қазақстан жоғары оқу орындары тарихында алғаш рет «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша алғашқы түлектер университетті бітіріп шықты. Олардың қатарында Нарғозы Тұрсынбайұлы Данаев, Төлеухан Нұралдаұлы Бияров болды.
Қазақ мемлекеттік университетінде 1970-ші жылдары «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша төрт кафедра бар еді: «Қолданбалы математика» - меңгерушісі А.Т. Лукьянов Алексей Тимофеевич, «Қолданбалы анализ» - меңгерушісі ф.-м.ғ.д., профессор Қасымов Құлжабай Әбдіхалықұлы, «Электрондық есептеу машиналарын математикалық қамтамасыз ету» - меңгерушісі ф.-м.ғ.д., профессор Тайцлин Михаил Абрамович, «Автоматтандырылған жүйелерді басқаруды математикалық қамтамасыз ету» - меңгерушісі т.ғ.д., профессор Айсағалиев Серікбай Әбдіғалиұлы. Осы төрт кафедрада қолданбалы математиканың көптеген бағыттары бойынша мамандар дайындалды. Бітірген түлектер еліміздің экономикасының барлық салаларында еңбек етуге қабілетті болды.
Сол уақыттарда өте талантты математик Шалтай Смағұлұлы мен Нарғозы Тұрсынбайұлы туралы әңгімелер жиі айтыла бастады. Ол жылдары Шалтай Смағұлұлы Новосибирскідегі Академқалашықта КСРО Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Теориялық және қолданбалы механика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып жүрген кезі. Оның ғылыми жетекшісі белгілі ғалым Борис Григорьевич Кузнецов болды. Институтты атақты академик, математик Николай Николаевич Яненко басқарып тұрды. Осы институтта аспирант, ғылыми қызметкер болған ғалым-ұстазымыз Нарғозы Тұрсынбайұлы Данаев еді. Ол кісінің ғылыми жетекшісі тікелей академик Н.Н. Яненконың өзі болды. Сол кездің өзінде жап-жас Шалтай Смағұлұлы мен Нарғозы Тұрсынбайұлы өздерінің таланты мен білімінің, өр мінезінің арқасында көптеген ғұлама ғалым, математиктерге ғылыми нәтижелерін мойындатты.
Новосибирск қаласындағы Академқалашықта көптеген Қазақстандық ғалымдар ғылыми тағылымдамадан өтті, аспирантурада оқыды. Олардың ішінде Ө.М. Сұлтанғазинді, С.А. Атанбаевты, Ш.С. Смағұловты, Н.Т. Данаевты, С.А. Бадаевты ерекше мақтанышпен айтамыз.
Қазақстан математиктері Новосибирск Академқалашығындағы академик Н.Н. Яненко дәуірін ерекше ыстық ықыласпен еске алады. Ол Қазақстан үшін ғылыми кадрлар дайындап көп көмек жасады.
Жоғары білікті математик ғалымдар дайындаудың тарихы тереңде жатыр, ол Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің деканы қызметін 1957-1970 жылдары атқарған Ибрашев Хасен Ибрашевичтен басталады. Ол кісі Кеңес үкіметінің үш математикалық орталығы - Ленинград, Мәскеу және Новосибирскімен ғылыми кадрлар дайындау туралы келісім жасаған. Ол жылдары жаңадан құрылған орталық ретінде Новосибирскінің мүмкіндіктері көп болған. Осы кезеңнен бастап Қазақстанда математика қарқынды дами бастады. Бұл жылдар ұлы математиктер, академик Яненко Н.Н., академик Марчук Г.И. сияқты белгілі ғалымдардың қолдауымен математиканың өркендеу жылдары болды. Бұл байланыс осы уақытқа дейін өз жалғасын тауып келеді.
Кезінде ашылған «Есептеу математикасы» кафедрасына тоқтала кетсек, кафедраның алғашқы меңгерушісі профессор Золотарев Ю.Г. болды. Кейінгі меңгерушілері: профессор Қасымов Қ.А., профессор Сұлтанғазин Ө.М., профессор Сарбасов Қ.Е., профессор Темірболатов С.Е., профессор Атанбаев С.А., профессор Смағұлов Ш.С. Соңғы кафедра меңгерушісі болып 2001 жылы профессор Шакенов Қ.Қ. тағайындалды және 2011 жылы кафедра таратылғанша осы қызметті атқарды. Әрбір меңгерушінің кафедраның дамуына қосқан үлесі зор. Әсіресе, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, КСРО ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлының қосқан үлесі ерекше.
Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті және ақпараттық технологиялар факультеті қарыштап дамып келеді. Бұл даму есептеу техникасының дамуымен тікелей байланысты. Бұл факультеттердегі оқу бағдарламалары қолданбалы математикаға және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген. Осыған байланысты 2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінде «Есептеу ғылымдары және статистика» кафедрасы ашылды. Осы кафедрада келесі пәндер оқытылады: Есептеу ғылымдары және олардың қолданылуы, Ықтималдықтар теориясы, Математикалық статистика, Стохастикалық процестер және олардың қолданылуы.
«Есептеу ғылымдары және статистика» кафедрасының ашылуы қазіргі заманға сай қарқынды дамып келе жатқан есептеу ғылымдары мен ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика ғылымдарының өмірдегі маңыздылығымен байланысты. Бұл ұсыныс механика-математика факультетінің ғылыми кеңес мәжілісінде қарастырылып, университеттің ғылыми кеңесі тарапынан бір ауыздан қолдау тапты. Бұл бастама әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы, профессор Д.Б. Жакебаевтың есімімен тығыз байланысты. Жаңадан ашылған «Есептеу ғылымдары және статистика» кафедрасының меңгерушісі болып 2020-2021 жылдары PhD доктор Тұрар Олжас Нұрқонысұлы, ал 2021 жылдан бастап PhD доктор, қауымдастырылған профессор Темірбеков А.Н. қызмет атқарып келеді.
№ |
Жоба атауы, Жетекшінің толық аты-жөні, лауазымы, дәрежесі |
Іске асыру негізі (зерттеу бағдарламасы – толық атауы): іргелі зерттеулер, қолданбалы, салалық, «Ғылым қоры» АҚ, бизнес/келісімшарт және т.б. |
Аяқтау мерзімдері (басы, соңы)
|
Қаржыландыру ұйымы |
1 |
AP23490027, Күрделі аймақтардағы Навье-Стокс теңдеулерін сандық шешуге арналған қолданбалы бағдарламалар кешенін әзірлеу, Темирбеков Алмас Нурланович, Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының доценты. |
ҰҒК шешімі №3 хаттамадан көшірме, 12.07.2024 ж.
|
2024-2026 |
ҚР ҒЖБМ |
2 |
AP19579325 «Акустика теңдеуі үшін кері және қисынды емес есептерін шешудің заманауи сандық әдістерін әзірлеу және зерттеу» Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының ассоц. профессоры, PhD Касенов Сырым Еркинович |
ҰҒК шешімі №4 хаттамадан көшірме, 17.04.2023 ж.
|
2023-2025 |
ҚР ҒЖБМ |
Жыл сайын магистранттар мен докторанттар ТОП 200 халықаралық университеттер рейтингіне кіретін шетелдік университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми тағылымдамадан өтеді, мысалы:
Ла-Рошель университеті (Франция, Ла Рошель), Бахшечехир университеті (Стамбул, Түркия), Сантьяго-де-Компостела университеті (Испания) т.б.
Шетелдік оқытушыларды тарту факультеттің ғылыми әлеуетін арттырудың негізгі факторларының бірі болып табылады және жыл сайын әлемнің жетекші университеттерінен шетелдік профессорлар дәріс оқуға шақырылады:
1. Молчанов Станислав Алексеевич, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Американдық математикалық қоғамының құрметті (толық) мүшесі; Шарлоттадағы Солтүстік Каролина университеті, АҚШ;
2. Ольшанский Максим Александрович, физика-математика ғылымдарының докторы, Хьюстон университетінің профессоры, АҚШ;
Халықаралық конференциялар:
- TWMS Congress- Turkic World Mathematicians Congress
- CITech-Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education
- ICAAM-International Conference on Analysis and Applied Mathematics
- ICMS- International Conference of Mathematical Sciences
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf