Шығыстану факультеті
Шығыстану факультетінің басты мақсаты – шығыс елдерінің тілдерін, тарихын, мәдениеті мен әдебиетін терең және жан-жақты зерттеуге қабілетті, ғылыми тұрғыдан ойлайтын, зияткерлік әлеуеті жоғары, шығармашылыққа бейім және белсенді жастарды даярлау болып табылады. Шығыстану саласы өзінің көпқырлылығымен, пәнаралық табиғатымен ерекшеленеді, сондықтан біз білім алушыларға тілдік дағдыларды үйретумен шектелмей, олардың тарихи-мәдени және саяси-дипломатиялық процестерді кешенді түрде түсіну қабілетін дамытуға, дербес зерттеу жүргізу және сыни талдау машықтарын қалыптастыруға баса назар аударамыз. Факультетте білім алушыларға халықаралық ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларына қатысуға, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық шеңберінде тәжірибе алмасуға, сондай-ақ шет тілдерінде ғылыми дискурс жүргізуге мүмкіндік беріледі. Біз білім алушылардың ғылыми ізденістерге араласуына, жеке шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына және өмірдің түрлі салаларында үйлесімді дамуына жан-жақты қолдау көрсетеміз. Шығыстану факультеті кәсіби білім беретін орын ғана емес, сонымен бірге ғылым мен мәдениетті ұштастыратын, студенттердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған ірі ғылыми-академиялық орталық болып табылады. Біз шығыстануға қызығушылық танытқан әрбір жас ізденушіні қарсы алуға дайынбыз және олар өз қабілеттерін толық іске асырып, халықаралық ғылыми қауымдастықта лайықты орын иеленетініне кәміл сенеміз.

Декан
Эгамбердиев Мырзахан Шарипбайұлы
Қарасай батыр көшесі, 95
Факультет
1989 жылы 15 мамырда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Үкіметі Жарлығымен құрылған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Қазақстан Республикасындағы шығыс тілдерін жетік меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлайтын жетекші ғылыми-академиялық орталыққа айналды. Факультеттің құрылуы еліміздің егемендікке қадам басып, дербес мемлекеттілік институттарын қалыптастыра бастаған, сыртқы саяси байланыстар мен дипломатиялық өкілдіктер жүйесінің жаңа кезеңі бастау алған тарихи жағдаймен тұспа-тұс келді. Осы кезеңде халықаралық қатынастар кеңейіп, Азия және Африка мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың артуы шығыстанушы кадрларға деген жоғары сұранысты туындатты.
Шығыстану факультеті 1989 жылы Азия және Африка елдері тарихы мен араб тілі кафедраларының негізінде құрылып, шығыс тілдері мен тарихын оқытудың жүйелі моделін қалыптастыруға бағытталды. Төрт онжылдыққа жуық уақыт ішінде факультет Қазақстандағы шығыстану ғылымының негізгі орталықтарының біріне айналып, елдің зияткерлік және дипломатиялық әлеуетін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосты.
Құрылу кезеңінде факультет жас құрылым ретінде кадрлық және оқу-әдістемелік тұрғыда бірқатар қиындықтарға тап түсті. Жергілікті білікті мамандардың жеткіліксіздігі жағдайында Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан жоғары оқу орындарының шығыстану саласында білім алған түлектері мен шығыс тілдерінің төл иелері болып табылатын шет елдік оқытушылар арнайы шақырылды. Осылайша, факультеттің алғашқы профессорлық-оқытушылық құрамы көпұлтты және көпмәдениетті сипатқа ие болды. Алғашқы түлектердің едәуір бөлігі факультет кафедраларында қалдырылып, жас академиялық мектептің қалыптасуына үлес қосты.
Шығыстану факультетінің дамуы Қазақстан Республикасының мемлекет ретінде қалыптасу кезеңімен қатар өрбіді. Елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге қарамастан, мемлекеттік органдар мен университет әкімшілігі факультеттің оқу-материалдық базасын нығайтуға, ғылыми кадрлық әлеуетін көтеруге және кітапхана қорын шығыстану бағытындағы арнайы әдебиеттермен толықтыруға ерекше көңіл бөлді. Бұл үрдіс 1990 жылдың 9 сәуіріндегі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Министрлер Кеңесінің С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетінің материалдық-техникалық базасын дамыту шараларын бекіткен Жарлығында нақты көрініс тапты.
Бүгінде Шығыстану факультеті халықаралық стандарттарға сай білім беру, ғылыми зерттеу және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласында жүйелі қызмет атқарып, Қазақстандағы шығыстану мектебінің институционалдық негізін қалыптастырған ірі ғылыми орталық ретінде танылып отыр.
ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНДАРЫ
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Ана тілі мен шет тілі ретіндегі шығыс тілдерін жетік меңгерген маман-аудармашыларды сапалы дайындау. Аударма және ауызша аударма саласында қызмет көрсету арқылы тіларалық және мәдениетаралық коммуникацияны көрсете алатын маман тұлғасын қалыптастыру.
БББ мақсаты шет (шығыс) тілдерін еркін меңгеру арқылы кәсіби міндеттерді шешуге және кәсіби және өзге де қызметтің әртүрлі аспектілері бойынша өз пікірін дәлелді түрде білдіруге қабілетті, қоршаған ортадағы, оның ішінде шет тілдік ортада, шынайы болмысты нақты адамгершілік және азаматтық ұстаныммен барабар бағалай алатын маманды сапалы даярлау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты –шығыстану саласындағы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау: - қоршаған орта шынайлығын дүниетанымдық, адамгершілік және азаматтық ұстанымдар негізінде бағалайтын; - халықаралық талаптарға сәйкес келетін және қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдыларды жетік меңгерген; - Шығыс елдеріндегі қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларды талдауға және оның даму болашағын болжауға қабілетті; - Шығыс елдеріндегі тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-мәдени үдерістердің жалпы даму барысын бағалайтын; - оқытылатын Шығыс елінің тілдерін, сондай-ақ, қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген; - ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асыруға қабілетті; - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін пайдаланатын; - жеке білім беру траекториясын қалыптастыратын.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – мемлекеттік және билік органдарында, халықаралық ұйымдарда, аналитикалық жұмыстарда, бизнес ортада, коммерциялық емес секторда және білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті шығыстанушы мамандарды даярлау.
Аймақтану саласындағы тиісті заманауи әзірлемелерді кең сыни білімі бар және жалпы және кәсіптік мәдениеттің жоғары деңгейі бар ғылыми және білім беру саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды сапалы даярлау. Бағдарлама өңірлердегі (Оңтүстік Азия және Оңтүстік-Шығыс Азия) қазіргі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайды талдай алатын маманның, сарапшының жеке басын қалыптастыруға бағытталған
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Білім беру бағдарламасының мақсаты – аударматану саласында жаңа тәсілдерді генерациялай алатын, коммуникативті, этикалық нормаларды сақтайтын және ұлттық, қоғамдық, жеке ұйымдардың жұмысында халықаралық тілде аудармашының кәсіби функцияларын орындай алатын, жүйелі білім кешені бар, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
ББ мақсаты - ғылым мен білім беру саласында шығыс тілдерін білетін филолог мамандарды сапалы дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - ғылым және білім беру саласы үшін қазіргі заманғы шығыстанудың дамуы жайлы жан-жақты сыни көзқарасқа ие, жалпы және кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейін меңгерген мамандар дайындау. Бағдарлама Шығыс елдеріндегі қазіргі әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени ахуалға әдіснамалық, теориялық және практикалық тұрғыда талдау жүргізе алатын шығыстанушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Ғылым және білім беру саласы үшін толық сыни білімді игерген, аймақтану саласының қазіргі талаптарына мен жалпы және кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейіне сәйкес келетін жоғары кәсіби білімді мамандарды сапалы дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты қазіргі шығыстану саласындағы инновациялық тәсілдермен іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті кәсіби құзыреттіліктері бар жоғары білікті шығыстанушы мамандарды даярлау болып табылады.
Ғылым мен білім беру саласында түрік тілін жоғары деңгейде меңгерген бәсекеге қабілетті филолог мамандарды сапалы дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – шығыс тілінің мәдени контекстерін терең түсінетін, тілдік құрылымдарды жақсы меңгерген және тілдік құбылыстарды зерттеп, талдай алатын жоғары білікті мамандарды дайындау. Бағдарлама магистранттардың сыни ойлауын, мәдени сауаттылықтарын және мәдениетаралық құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған, осы арқылы оларды әртүрлі тілдік-мәдени қоғамдарға тез икемделіп, әрекеттесуге, шығыс тілдері мен мәдениеттері бойынша ғылыми зерттеумен айналысуға, мәдениетаралық қатынастарды түсіну мен зерттеуде инновациялық тәсілдерді пайдалануға ынталандырады.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Бағдарлама мақсаты – Шығыс елдері мен Қазақстанға тән әлеуметтік, мәдени, ұлттық ерекшеліктерін түсіну негізінде аударма теориясы мен практикасы саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, аударма ғылымы саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Докторанттарға өздерінің кәсіби және адами әлеуетін толық іске асыруға, көпұлтты, мультимәдени, плюралистік Қазақстан қоғамының дамуына және отандық ғылымның елеулі ілгерілеуіне лайықты үлес қосуға мүмкіндік беретін сапалы білім беру. Білім беру бағдарламасы аударма теориясы мен практикасы саласында, сонымен қатар мәдениеттану мен лингвистиканы зерттеу саласында тереңдетілген іргелі зерттеулер жүргізу арқылы отандық аударма ғылымын дамытуға қабілетті ғылыми мамандарды даярлауға және әлемнің лингвистикалық бейнесіне қатысты лингвистикалық аударма модельдерінің тәжірибесін көрсететін және түсіндіретін аударманың семантикалық модельдеу заңдылықтарын анықтауға бағытталған. Кәсіби мәселелерді ойдағыдай шешетін жоғары білікті аудармашы кадрларды даярлау, қазіргі заманғы лингвистикалық білімнің дамуында мемлекеттің басым стратегияларының бірі болып табылады.
ББ мақсаты – Шығыс тілі мен әдебиеті саласындағы жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау.
БББ мақсаты – Шығыс елдері және Қазақстан үшін қазіргі кезеңде өзекті саналатын әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық процестер талабын түсініп, оларды оқып-зерттей алатын, сонымен қатар сол елдердің алдында туындайтын негізгі күрделі проблемаларды шешу жолдарын анықтап, кешенді зерттейтін, шығыстану ғылымының өзекті бағыттарының дамуына лайықты методологияны таңдау, теориялық материалды терең оқып-меңгеру негізінде дербес ғылыми зерттеу жүргізе алатын отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ғылыми мамандарды дайындау.
Қазіргі шығыстану саласындағы сандық технологияларды, ақпаратты өңдеудің инновациялық тәсілдермен пайдалана отырып, гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми-педагогикалық бағытта кәсіби құзыреттіліктері, құндылықтары, шығармашылық және көшбасшылық қасиеттері бар, ғылыми жұмыстарды жүргізуге қабілетті шығыстану саласында жоғары білікті ғылыми бағытталған докторанттар даярлау, Шығыстану ғылымының заманауи әдістемесіне негізделген, ғылыми-зерттеу, білім беру қызметімен айналысатын және Шығыстану ғылымының практикалық мәселелерін анықтауға бағытталған дипломатиялық қызметкер, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жүйесінің қызметкері, сарапшы-талдаушы, кеңесші, Шығыс елдеріндегі аймақтық үдерістер бойынша кеңесші, сыртқы саясатты бақылаушы, аудармашы ретінде еңбек нарығында сұранысқа ие болатын (аудармашы-референт) шығыс тілдерінде, жоғары оқу орындарында өлкетану пәнінің оқытушысы, ғылыми орталықтар мен институттарда ғылыми қызметкер.
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",мекен-жайы бойынша.
Телефон номері: +7 727 377-33-33
Ішкі: 17-88
Магистратура және докторантура: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",мекен-жайы бойынша.
Телефон номері: +7 727 377-33-33
Ішкі: 17-88