Farabi University

Шығыстану факультеті

Қытайтану кафедрасы

Қытайтану кафедрасында тәжірибелі профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, аға оқытушылар жұмыс істейді. Кафедра оқытушылары біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын өз мамандықтарына сәйкес тілдік, ғылыми тағылымдамадан өтеді. Сондай-ақ, кафедра жыл сайын Қытайдан түрлі шарттар бойынша жоғары деңгейдегі мамандарды қабылдайды. Бүгінгі таңда қытайтану кафедрасы Қытайдың бірқатар университеттерімен, соның ішінде Пекин университетімен, Пекин Тіл және мәдениет университетімен, Минцзу Қытай университетімен, Хуадун педагогикалық университетімен, Фудан университетімен, Ланьчжоу университетімен, Сиань мұнай университетімен, Шыңжаң педагогикалық университетімен, Нанчан университетімен ынтымақтасады. Конфуций институтының негізінде кафедра Қытай мемлекеттік кеңсесімен ("Ханбан") тығыз байланыста. "Ханбан" кафедраны қытай тілі бойынша оқулықтармен, оқу құралдарымен, ғылыми және оқу материалдарымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ жыл сайын кафедраға қытай тілі бойынша мамандарды жібереді. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары Қытайдың жоғары оқу орындарында ғылыми және тілдік тағылымдамадан өтеді.

Толығырақ
Оразақынқызы Фарида

Кафедра меңгерушісі

Оразақынқызы Фарида

Тел.: 87014070567

E-mail: Farida.Orazakynkyzy@kaznu.edu.kz

Кафедра байланыстары

Қарасай Батыр 95, 412 кабинет
377-33-30 ішкі 18-00

Кафедра тарихы


     

        Қытайтану кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметі тіл мен әдебиет, тарих пен мәдениет, экономика мен саясат, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы халықаралық қатынастарды зерттеуге байланысты кең ауқымды мәселелерді қамтиды. Бүгінде кафедра іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, қытайтану саласында жобаларды жүзеге асыратын, академиялық диалогты тереңдетуге және ғылыми байланыстарды кеңейтуге бағытталған ғылыми орталық ретінде қызмет атқарады.

       Кафедраның ерекше назарында – Қытайдың тарихы мен мәдени мұрасын, діни-философиялық дәстүрлерін, сондай-ақ қазіргі қытай қоғамының даму мәселелерін жан-жақты зерттеу. Мұнда қытай филологиясы мен әдебиеті, лингвомәдениеттану, салыстырмалы тіл білімі, аударма теориясы мен практикасы саласында зерттеулер жүргізіліп, тіл мен мәдениет саласында терең білімі бар жаңа буын мамандар даярланады.

     Кафедраның ғылыми жобалары Қытайдың өткенін мен бүгінін ғана емес, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму перспективаларын, халықаралық үдерістердегі рөлін, сондай-ақ Қазақстан мен ҚХР арасындағы екіжақты қатынастарды талдауға бағытталған.

      Қытайтану кафедрасының оқытушылары халықаралық конференцияларға, дөңгелек үстелдер мен ғылыми симпозиумдарға белсенді қатысады, Қытай мен өзге елдердің жетекші университеттері мен зерттеу орталықтарымен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Ғылыми-зерттеу нәтижелері отандық және шетелдік ғылыми журналдарда, монографияларда және оқу құралдарында жариялануда.

          Кафедра студенттерінің әртүрлі деңгейдегі ғылыми-шығармашылық конференцияларға қатысып, өздерінің ғылыми ізденістерін жетілдіруіне мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар студенттер Республикалық, Орта Азия және ТМД мемлекеттері деңгейінде өтетін түрлі тілдік олимпиадалар мен конференцияларға қатысып тұрады. Бүгінде қытайтану кафедрасы ҚХР-дың бірқатар жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Пекин университеті, Пекин тілдер университеті, Пекин Орталық Ұлттар университеті, Хуадунь педагогикалық университеті, Фудань университеті, Ланьчжоу университеті,  Сиань мұнай университеті, Шыңжаң Педагогикалық университеті, Нанчан университеттерімен байланыс жасайды.


Кафедраның халықаралық байланыстары

        Кафедраның халықаралық байланыстары өте ауқымды. Соңғы жылдары кафедраның халықаралық қатынастары түрлі бағытта дамып, нығая түсуде. ҚазҰУ мен ҚХР-ның Шаңхай, Ланжоу, Шыңжаң университеттерімен екі жақты келісімге қол қойылған. Қытайтану кафедрасының Қытайдың түрлі оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен, мемлекеттік және бизнес құрылымдарымен қарым-қатынастарының нығая түсуі кафедраның оқу-ағарту, ғылыми бағыттағы қызметін жақсарта түсуге өз септігін тигізуде.Еліміздегі ірі қытай-қазақ компанияларымен арадағы байланыс та жылдан-жылға дамып келеді. Қытай Ұлттық мұнай компаниясының, ҚР Қытай банкінің, «Азия газ құбыры» компаниясының өкілдері кафедра студенттері мен магистранттарына түрлі тақырыпта дәрістер оқиды, оқыту бағдарламаларын түзуге ат салысады, өндірістік тәжірибелерді өткізуге қатысады.

       Қазіргі кезде кафедрада жалпы саны  30 – дан аса оқытушы профессар құрамы қызмет атқаруда. Кафедрада «шығыстану», «шетел филологиясы», «аударма ісі» мамандықтары бойынша бакалавриаттың 270-ке жуық студенті, 17 магистрант пен 22 PhD докторант білім алуда.  2016 жылдан бастап кафедра «аймақтану» мамандығы бойынша студенттер қабылдауды бастады.  Оқу үрдісінің материалды-техникалық базасын компьютер сыныптары, лингафон кабинеті, аудио- және видеотехникасы (проекторлар, магнитофондар) құрайды.

     Кафедра құрылғаннан бері кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы ондаған оқулықтарды, хрестоматиялар, монографиялар, сөздіктер мен жүздеген ғылыми мақалаларды баспадан шығарды. Кафедра оқытушылары сонымен қатар жыл сайын өтетін республикалық және халықаралық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференциялардың тұрақты қатысушылары болып табылады.  Кафедрада студенттерге арналған «Жібек жолы» үйірмесі жұмыс істейді. Аталмыш үйірме студенттерді ғылымға баулып қана қоймай, қоғамдық өмірге да тартып, түрлі қызықты шараларды ұйымдастырып өткізуде.  

      Қытайтану кафедрасын бітірушілер қазіргі таңда еліміздің түрлі оқу орындарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сыртқы істер министрлігінде, түрлі мемлекеттік қызметтерде, шетелдік компанияларда табысты қызметтер атқаруда.


БІЗДІҢ МАҚТАНЫШ - ТҮЛЕКТЕРІМІЗ 


Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы 34 адам, оның ішінде:

-2 ғылым докторы, профессор;

-3 доцент;

-2 ҚХР-дан шақырылған доцент;

- 10  философия докторы (PhD);

- 15  аға оқытушы;

- 2 оқытушы.

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ 2022 – 2023 оқу жылына арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

22 мб, pdf

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ 2022-2026 жж.

22 мб, pdf

Ғылыми -инновациялық жұмыс бойынша кафедра меңгерушісі орынбасарларының қызметтік Нұсқаулық

22 мб, pdf

Қытайтану кафедрасы меңгерушісінің қызметтік Нұсқаулығы

22 мб, pdf

Оқу ісі бойынша кафедра меңгерушісі орынбасарының қызметтік Нұсқаулығы

22 мб, pdf

Профессордың қызметтік Нұсқаулығы

22 мб, pdf

Доценттің қызметтік Нұсқаулығы

22 мб, pdf

Аға оқытушының қызметтік Нұсқаулығы

22 мб, pdf

Оқытушының қызметтік Нұсқаулығы

22 мб, pdf

Бакалаврдың оқу жоспары

22 мб, pdf

Магистратураның оқу жоспары

22 мб, pdf

ОПҚ шетелдік тағылымдама сертификаттары

22 мб, pdf

Академиялық ұтқырлық

22 мб, pdf

ОПҚ ғылыми жоспар

22 мб, pdf

семинар жоспары

22 мб, pdf

Қытайтану кафедрасының 2025 жылғы түлектерді алдын ала бөлу бойынша өткізілген отырысының ХАТТАМАСЫ

22 мб, pdf