Ақпараттық технологиялар факультеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2018 жылдың 15 қаңтарында Ақпараттық технологиялар факультеті ашылды. Бұл – уақыт талабы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында «Цифрлы Қазақстан» жобасын жүзеге асыру туралы айтылған. Ол жобаның негізгі мақсаты Қазақстанды цифрландыруға, ақпараттық технология саласында оқитын және жасанды интеллектпен, сонымен қатар «үлкен мәліметтермен» жұмыс істей алатын жастарды көбейтуге бағытталған. Қазақстанда базалық лейтмотивті ақпараттық технологияны өмірдің барлық салаларында қолдану және дамыту болып табылатын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданған болатын. Осы саладағы мамандарды дайындау мақсатында факультетте «Жасанды интеллект және BigData» кафедрасы ашылды. Ақпараттық технологиялар факультетінің негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың IT-секторын динамикалық тұрғыда дамытып, әлемдік деңгейге жеткізетін жоғары білікті мамандар даярлау.
Факультет
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
«6B06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі, компьютерлік және желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіздікті басқару, ақпараттық жүйелердегі деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы озық білімдерін көрсетуге қабілетті ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
6В06102 — Ақпараттық жүйелер мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты өмір бойы өзінің білім деңгейін арттыруға қабілетті, қоғамда және мамандықтарда жоғары этикалық мінез-құлық стандарттары бар әртүрлі ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және сүйемелдеуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
6В06103 – Компьютерлік инженерия" білім беру бағдарламасының мақсаты – программалық қамтаманы, компьютерлік жүйелер мен желілерді және IoT технологияларын жобалау мен әзірлеудің заманауи технологиялары саласында бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандарды даярлау болып табылады.
6B06104 -«Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының мақсаты программалық қамтамасыз етуді жобалау және құрудың қазіргі заманғы технологиялары саласында бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандарды дайындауды қамтамасыз ету, компьютерлік жүйелерді қолданудың жаңа тәсілдерін құру, есептеу есептерін шешудің тиімді тәсілдерін құру болып табылады.
«6B07113- Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты - қазіргі заманғы интеллектуалды IoT құрылғыларын жобалау, енгізу және пайдалану, IoT құрылғыларына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және қызмет көрсету, өнеркәсіпте, шағын және орта өнеркәсіпте қолданыстағы автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару және интеллектуалдау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау болып табылады.
«6В06107- Деректер туралы ғылым» білім беру бағдарламасының мақсаты - тез өсіп келе жатқан, орасан зор сұранысқа ие, үлкен деректерді талдауы мен ғылымы бойынша сапалы, бәсекеге қабілетті, жоғарыбілікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету. Бірегей пәнаралық білім беру тәжірибесі студенттерге жұмыс берушілер іздейтін білім мен дағдылардың кең базасын алуға мүмкіндік береді.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
«7М06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаттары - ақпараттық қауіпсіздік саласында жоғары білікті мамандар даярлау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша өндірісте жұмыс істеу үшін қажетті білімі мен құзыреттілігі бар, отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандардың кадрлық әлеуетін олардың сұраныстары және ел мен өңірдің даму болашағына сәйкес қалыптастыру болып табылады.
«Бизнес аналитика және Big Data» білім беру бағдарламасының мақсаты бизнес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін деректерді шығару, түрлендіру және жүктеу, болжамды талдау және деректерге негізделген шешімдер қабылдау саласында үлкен деректер жиынтығы басқаруға техникалық, аналитикалық және коммуникациялық дағдылары бар жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.
«Машинаны оқыту және деректерді талдау» білім беру бағдарламасының мақсаты машиналық оқыту әдістеріне негізделген үлкен деректерді өңдеу және талдау үшін бағдарламалық шешімдерді енгізумен байланысты деректерді өндіру әдістерін қолдана отырып, ғылым, білім беру және өндірістік салаларында өндірістік жүйелердің интеграциялық платформаларында өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізе алатын мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз ету болып табылады.
«7M06101 – Есептеуіш лингвистика» білім беру бағдарламасының мақсаты интеллектуалды ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады. Бағдарлама келтірілген нұсқауға қабілетті маманды кәсіби тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған: есептеуіш лингвистика саласындағы теориялар мен технологиялар бойынша терең зерттеу білімін интерпретациялау және қолдану; әртүрлі цифрлық тілдік ресурстарды құру және өңдеу; машиналық аударма, сөйлеуді тану, деректерді интеллектуалды талдау, машиналық оқыту және т.б. сияқты жасанды интеллекттің әртүрлі қолданбалы технологияларын әзірлеу және қолдану.
«7М06102 – Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының мақсаты – ақпараттық жүйелер саласында төменде көрсетілген қабілеттерге ие болатын ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы дайындау: - ақпараттық жүйелерді жобалау, құру және басқару саласындағы жаңашыл теориялар бойынша білімдерін интерпретациялау және жалпылау; - ғылыми зерттеулерді өздігінен жүргізу; - туындаған мәселелерді бейтаныс қоршаған ортада шешу мақсатында іргелес ғылыми салалардан білімдерді жинақтап пайдалану; - өзіндік ғылым зерттеудің нәтижелерін ин-тер¬претациялау және оларды мамандарға және саланың маманы емес тұлғаларға баяндау; - классикалық және инновациялық оқыту әдістерінің негізінде білім беру үрдісінің нәтижелілігін қамтамасыз ету; - өзіндік оқу және ғылыми-инновациялық қызмет атқару бағдарламасын қалыптастыру.
«7M06103 Компьютерлік инжененрия» білім беру бағдарламасының мақсаты – магистранттарға жан-жақты жоғары сапалы білім беру және ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін компьютерлік техника саласында білікті мамандарды қалыптастыру; магистранттарды ғылым, менеджмент, оқыту және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді әзірлеу салаларында соңғы ақпараттық технологияларды қолдануға қабілетті маман ретінде дайындау.
"Компьютерлік ғылымдар" білім беру бағдарламасының мақсаты – ғылыми, білім беру және өндірістік салалар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы соңғы теориялар бойынша терең заманауи білімдерді түсіндіру және жалпылай алатын, есептегіш тапсырмаларын шешу үшін тиімді әдістерді әзірлей алатын мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз ету.
Жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру жүйесінде информатика және информатиканы оқыту әдістемесі саласы бойынша, жаңа теориялық заманауи білімді игеріп, жалпылауға құлықты, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде оқыту мен білім беруді басқаруда оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ете алатын, бәсекеге қабылетті мамандарды сапалы дайындау.
«7M07128-Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты үлкен деректерді талдау және бұлттық технология әдістерін қолдана отырып, әртүрлі IoT платформаларында тәуелсіз зерттеу жүргізуге қабілетті, «Индустрия 4.0» интеллектуалды басқару жүйелері мен шешімдерін іске асырумен байланысты ғылыми, білім беру және өндірістік салалардағы мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
«8D06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша білім беру бағдарлама-сының мақсаттары - ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау саласындағы қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті, кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейіне ие ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Автоматтандыру және Internet of Things» білім беру бағдарламасының мақсаты – IoT технологиялары мен жасанды интеллект әдістеріне негізделген күрделі технологиялық процестерді автоматты басқару жүйелері мен құралдарын жобалау және әзірлеуге байланысты ғылыми-өндірістік құрылымдар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі, ғылыми-зерттеу саласы үшін біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету.
"Жүйелік инженерия" білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі, ғылыми-зерттеу саласы, мемлекеттік органдар мен индустрия үшін жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған. заманауи жүйелік инженерияның негізгі принциптерін түсіндіру; күрделі жүйелерді жобалау мен әзірлеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін тереңдетіп оқыту негізінде жүйелік инженерия саласында инновациялық қызметті жүргізу, сондай-ақ сабақтас ғылыми салалар мен цифрлық технологиялардың білімі мен әдіснамасын пайдалану; ғылымды дамытатын жаңа тұжырымдамалық білімді құру, заманауи көп қырлы, пәнаралық міндеттерді шешу үшін жүйелі тәсілді қолдану; ғылыми іс-шараның жұмыс тілінде ғылыми пікірталастарда, соның ішінде халықаралық пікірталастарда өзінің ғылыми пікірін дәлелдей отырып, қорғау.
«8D06101 Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының мақсаты - қолданбалы, эксперименталды зерттеулерді, жетекші ғылыми жобаларды, конструкторлық бюроларды, ғылыми-зерттеу бөлімдерін, білім беру қызметін жүзеге асыруға, ғылыми жетістіктерді ұсынуға қабілетті ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми және ғылыми- педагогикалық кадрларды даярлау.
Компьютерлік инженерия саласында білікті мамандарды қалыптастыру, таратылған интеллектуалды жүйелер, озық параллель бағдарламалау, машинамен оқыту, жасанды нейрондық желілер, ұялы және сымсыз байланыс, компьютерлік коммуникация желілері, озық криптография, компьютерлік желілердің қауіпсіздігі, FPGA жобалау салаларында докторанттарды даярлау. Алынған білім мен дағдылар негізінде олар бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді әзірлеу әдістерін, ғылым, басқару, өнеркәсіп және оқыту салаларында бағдарламалық кешендерді жобалау әдістерін қолдану және жетілдіру үшін теориялық және практикалық тұжырымдамаларды пайдалануға қабілетті болады.
«Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми-зерттеу саласы үшін жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру кезінде осы білімді одан әрі қолдану мақсатында компьютерлік ғылымның жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру; есептеу технологиялары саласындағы білім шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қосу; компьютерлік ғылымдардың перспективалы жаңа бағыттарын дамытуға арналған проекциямен әдіснаманы таңдау, материалды зерттеу объектісіне барабар негізінде дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру; идеяларды генерациялау, инновациялық қызметтің нәтижелерін болжау, күрделі өндірістік және ғылыми процестерді басқару; қандай да бір өнімнің өзінің және басқа ғылыми қызметінің маңыздылығын анықтау және баға беру, ғылыми пікірталастарда өзінің ғылыми пікірін дәлелді түрде ұсыну және қорғау.
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары деңгейде ғылыми және кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті заманауи аналитикалық және ақпараттық технологияларды иеленетін информатика және білім беруді ақпараттандыру саласындағы жоғары білікті кадрларды дайындау.
«Медицина саласындағы жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының мақсаты - жасанды интеллект пен денсаулық сақтаудың пәнаралық саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми зерттеулер үшін жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету. Білім беру бағдарламасын іске асыру келесідей қабілеттерге ие маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: алынған білімді ғылыми зерттеулерді одан әрі жүзеге үшін ғылыми теорияларды, тұжырымдамаларды және жасанды интеллект пен денсаулық сақтау саласындағы қазіргі тенденцияларды жүйелеу және түсіндіру; Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы денсаулық сақтау саласындағы білімнің шекарасын кеңейтуге өзіндік үлесін қосу; Денсаулық сақтау мәселелерін шешу үшін ендірілген жүйелерді қолдана отырып жүйелер мен қосымшалар құруға; өзіндік және басқа ғылыми қызмет нәтижесінің маңыздылығын бағалау және анықтау, ғылыми пікірсайыста өз ғылыми пікірін білдіру және қорғау.
«Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесіне, ғылыми-зерттеу саласына, инновациялармен байланысты ғылыми және өндірістік құрылымдарға, автоматтандыру және басқару саласындағы заманауи жетістіктерді енгізе алатын, зияткерлік басқару жүйелерінің перспективалық бағыттарын дамыту туралы жобамен тәуелсіз зерттеу жүргізе алатын, инновациялық қызметтің нәтижелерін болжап, күрделі өндірістік және ғылыми процестерді басқаруға қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету .