- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастар факультетінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» білім беру бағдарламаларының магистранттары мен С.М. Маркедоновтың жетекшілігімен жұмыс істейтін МГИМО зерттеу тобының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Халықаралық қатынастар факультетінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» білім беру бағдарламаларының магистранттары мен С.М. Маркедоновтың жетекшілігімен жұмыс істейтін МГИМО зерттеу тобының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
2025 жылғы 13 қарашада Халықаралық қатынастар факультетінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» білім беру бағдарламаларының магистранттары мен С.М. Маркедоновтың жетекшілігімен жұмыс істейтін МГИМО зерттеу тобының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. МГИМО тарапынан Матвей Царёв, аспирант Назар Құрбанов және МГИМО Ғылыми студенттік қоғамының төрағасы болып табылатын магистрант Никита Тихонов қатысты. Іс-шараның модераторы тарих ғылымдарының докторы, Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры, профессор Г.А. Мовкебаева болды. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың Ресей Федерациясына жасаған Мемлекеттік сапары аясында өтіп, университетаралық академиялық ынтымақтастық үшін маңызды алаңға айналды.
Кездесу барысында қатысушылар қазіргі әлемдік саясаттың негізгі үдерістерін және еуразиялық интеграция мәселелерін талдады. Талқылау ЕАЭО азаматтары арасындағы қоғамдық диалогты кеңейту, Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, білім беру және жастар саясаты шеңберінде жастардың еуразиялық интеграция жөніндегі хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше көршілес елдердің саяси, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық өміріндегі өзекті үрдістер туралы ақпараттандыру мәселелеріне арналды.
Дөңгелек үстел барысында жаһандық және өңірлік архитектураның өзгеруі жағдайында BRICS+ форматының артып келе жатқан маңызына ерекше назар аударылды. Қатысушылар BRICS+ форматының институционалдық дамуының келешегін, Жаңа даму банкінің рөлін, бірлестіктің жаңа мемлекеттер есебінен кеңею мүмкіндігін, сондай-ақ осы үрдістердің жаһандық энергетикалық нарық пен халықаралық сауда-экономикалық жүйеге ықпалын жан-жақты қарастырды. Қазақстан үшін BRICS+ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері де ерекше қызығушылық тудырды. Кеңейтілген форматқа қатысу Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын толықтыра алатыны, Еуразиядағы негізгі серіктестермен экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретіні және мүше мемлекеттердің нарықтарындағы қатысуын кеңейтуге жағдай жасайтыны атап өтілді. Сонымен қатар ЕАЭО, ШЫҰ және Орталық Азия бағыттарындағы ынтымақтастықты қамтитын жаһандық және өңірлік интеграциялық бағыттардың арасындағы теңгерімді сақтау қажеттілігі баса көрсетілді.
Дөңгелек үстел екі университеттің жас зерттеушілері арасындағы өзара тиімді академиялық диалогтың үлгісі болды. Қатысушылар ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және халықаралық әрі өңірлік саясаттың өзекті мәселелерін талқылауды жалғастыруға ниет білдірді. Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Еуразиялық зерттеулер орталығы ұйымдастырды.


Басқа жаңалықтар