Farabi University

«ӘЛ-ФАРАБИ – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Әл-Фараби – 2026» халықаралық олимпиадасы

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан, ТМД елдерінің, сондай-ақ жақын  және алыс шетел білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы «Әл-Фараби – 2026» халықаралық олимпиадасын өткізеді. 

Бұл шара Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен жүзеге асырылады.

 

Жеңімпаздарға арналған артықшылықтар:

-  ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ I, II, III дәрежелі дипломдары;

-  Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оқуға қабылдануда басым құқық;

- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқуға жеңілдік;

- ТМД елдерінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің білім беру ұйымдарының түлектері үшін – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқу үшін емтихансыз жеңілдікпен түсуге құқық және оқу ақысына жеңілдік беріледі. 

 

Олимпиада пәндері: (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)

Математика, физика, химия, биология, география, информатика, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі және француз тілі, құқық негіздері.

 

Өткізу форматы және мерзімдері:

Олимпиадаға тіркелу:  24 ақпан мен 7 наурыз аралығында http://online-test.kaznu.kz  (абитуриент ретінде) сайты арқылы жүргізіледі.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады.

 

I және II кезеңдер – іріктеу, онлайн түрде (прокторингті қолданумен, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Астана қ. уақыты бойынша) өтеді.

I кезең12-13 наурыз

II кезең19-20 наурыз

 

23 балл және одан жоғары балл алған қатысушылар сәйкесінше II және III кезеңге өтеді.

 

III кезең – 27 наурыз, офлайн форматта университет базасында өтеді.

  • Қазақстандық оқушылар үшін 27 наурыз  офлайн форматта университет базасында өтеді.
  • Шетелдік қатысушылар үшін және олимпиада Ережесінің 10-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, онлайн форматта қатысуға рұқсат алған оқушылар үшін III кезең27 наурызда онлайн форматта өтеді (сағ.10:00–12:00, Zoom). (Идентификатор: 874 7587 1133 Код: wjPEN6) https://us05web.zoom.us/j/87475871133?pwd=x1F3MrgRFc2qjuNyvG2ZZzr1sJiybK.1   

 

ІІІ кезеңнің тапсырмалары (бағытына қарай) тест сұрақтары, практикалық және теориялық есептер, эссе және жағдаяттық мәселелер шешімін шығарудан тұрады.

Олимпиадаға қатысты толық ақпарат Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ресми сайтында жарияланады https://farabi.university

Барлық сұрақтар бойынша көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 (727) 377-33-30; 377-33-33; ішкі нөмір 17-29, 17-31, 17-34   e-mail: olympiad.farabi2026@gmail.com

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ӘЛ-ФАРАБИ 2026» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ӨТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

 

«ӘЛ-ФАРАБИ-2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ III ТУРҒА ӨТКЕН ТАЛАПКЕРЛЕР ТІЗІМІ

 

 «ӘЛ-ФАРАБИ 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

ІІІ КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

 

 

 

«ӘЛ-ФАРАБИ – 2026»  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ