Университеттегі ПЭТ бөтелкелерді сұрыптау практикумы
21 қараша, 2025
Бүгін ҚазҰУ Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушылары Ошақбай Айту және Керимкулова Айгерімнің жетекшілігімен студенттер Экоклуб жұмысы аясында университеттік экологиялық орталықта ПЭТ бөтелкелерді сұрыптау бойынша практикалық жұмыс жүргізді.

Іс-шара барысында студенттер қайта өңдеуге жарамды және жарамсыз пластикті ажырата отырып, қалдықтарды тиімді басқарудың негіздерін тәжірибеде меңгерді. Бұл шара студенттердің экологиялық мәдениетін арттыруға және университеттің жасыл бастамаларын қолдауға бағытталған.
Басқа жаңалықтар
21 қараша, 2025
21 қараша, 2025
21 қараша, 2025