Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Елімізді абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бір реттік науқан емес, жалпыұлттық міндет. Мұндай жұмыс үнемі жүргізілуі керек. Біз Қазақстанға қамқорлық жасауымыз керек – бұл өмір салтына айналуы тиіс. Бүкіл Қазақстан таза болуы керек, бұл бізге және жастарға байланысты», – деп атап өткен болатын. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде экологиялық мәдениетті арттыру, қоғамдық сананы жаңғырту және жастарды табиғатты қорғау жұмыстарына тарту жөніндегі саяси бастамаларына сәйкес, іс-шаралар апталығы өткізді. Осыған орай іс-шараға 15.11.25 күні Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Ж.Ж.Ермекова және «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Р.Б.Сартова және «Қаржы және есеп» кафедрасының аға кураторы А.Ж.Кукиев 1 курс эдвайзерлері Г.И.Супугалиева, О.Ю.Когут, Т.Б.,Жумадилова, Г.Н.Аппакова мен 1 курс «Қаржы» және «Есеп және аудит» білім бағдарламаларының білім алушылары белсене араласты. «Қаржы және есеп» кафедрасы «Жасыл кампус» қағидатын дамыту бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізіп келеді. ҚазҰУ қалашығы аумағы, оқу корпустары мен жатақханалардың ішкі және сыртқы аумақтары тазартылды. ҚазҰУ қалашығында әр көктем мен күз мезгілдерінде ағаш отырғызу, гүлзарларды көбейту, жасыл аймақтарды күтіп-баптау, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәдениетін насихаттау ісі дәстүрге айналған. Осы игі дәстүрге «Қаржы және есеп» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары белсене араласады.