Игі дәстүр жалғастығы «Golden middle
Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында студенттік рухты жандандыру мақсатында «Алтын белес - Золотая середина - Golden middle» атты мерекелік кеш өтті. Кешті кафедра оқытушылары Макатаева Ш.М., Бектұрова Э.К., Жанабекова М.А. және "Шетел филологиясы" мамандығының студенттері мен магистранттары ұйымдастырды. «Алтын белес - Золотая середина - Golden middle» мерекелік кеш ағылшын, француз, неміс, орыс және қазақ тілдерінде өтті.
Кеш кафедра оқытушыларының "Алтын белес" туралы мағлұматынан басталды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тәрбие жұмысының негізгі бағыты студенттің жеке тұлға ретінде қатысуына ықпал ету. Тәрбие жұмысы оқыту үдерісінде қатар жүргізілетін ең маңызды фактор болуы тиіс. Сондықтан тәрбие жұмысына қатысты іс-шаралардың оқытушылардың тікелей жетекшілігімен және өз бетінше де ұйымдастырылуы, бос уақыттарын тиімді пайдалануы, мәдени - эстетикалық талғамдары мен ізденіс аясында қалыптасатын шығармашылық қабілеттерін арттыруы білім алушылардың рухани байлығы мен білімі, беделі мен мәртебесі жоғары топ санатындағы дамыған тұлға болуға, сонымен қатар белгілі бір кәсіби салада бәсекеге қабілетті, рухы биік маман дарялауға тікелей әсер етеді.
Университеттің тәрбие бағдарламасынның негізгі тетіктерінің бірі болып саналатын студеттердің және оқытушылардың ұжымдық рухын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын студенттік асуларға арналған қоғамдық іс шара, ол - Алтын белес..., асар асуы, жетер жартасы, шығар шыңы биік кезеңдер. Алғашқы кезең «Менің шыққан белесім» деп аталды. Бұл кезеңде әрбір студент өз белестері туралы кәсіби бағыттағы ұстанымы, жеткен жетістіктері туралы жеке ақпарат пен мәлімет дайындап, презентация көрсетті. «Қызығы мол сол бір жылдар-ай» деп аталатын кезеңде студенттер студенттік өмір жайлы, курстастары мен ұстаздары туралы тамаша сөздер айтып, өлеңдер және әндер орындады, сонымен қатар қызықты оқиғалар айтудан жарысты. Кешке факультеттің ардагер ұстаздары шақырылды. Студенттер болашақ тіл мамандары болғандықтан уақыт қадірін бағалау мақсатында соңғы кезең «Уақыт - қадірлі ұғым» деп аталды. Жүргізуші уақыт туралы дәйек сөздер айтып, ал қатысушылар олардың мағынасын өздері қалаған тілде түсіндірді.