ТДМ 17- Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік. Өзбекстан Ұлттық университеті профессорлары ҚазҰУ-да қонақ дәріс оқыдыFarabi University

ТДМ 17- Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік. Өзбекстан Ұлттық университеті профессорлары ҚазҰУ-да қонақ дәріс оқыды

26 қараша, 2025

26.11.2025 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті профессорларының қонақ дәрістері өтті.

Профессор А.В. Кабулов пен доцент Р.Х. Алаев киберқауіпсіздік, криптография және блокчейн технологиялары саласындағы өзекті тақырыптар бойынша дәріс оқыды. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, заманауи мәселелерді талқылап, ғылыми тәжірибе алмасты.