Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасы
1-курс студенттерімен куратор Байсылбаева Қымбат ҚР Президентінің Жолдауын талқылады.
Сабақ барысында студенттер Жолдауда айтылған басты бағыттармен танысып, ел дамуы үшін маңызды бастамалар жайлы пікір алмасты. Әсіресе білім сапасын арттыру, жастарды қолдау, цифрландыру мен киберқауіпсіздікті дамыту мәселелері ерекше талқыланды.
Жастар өз ойларын ортаға салып, Жолдаудағы бастамалардың болашақ кәсіби маман ретінде қалыптасудағы рөлі зор екенін атап өтті. Куратор студенттерді жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды.

Басқа жаңалықтар
12 желтоқсан, 2025
12 желтоқсан, 2025
12 желтоқсан, 2025