Таза сессия ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті, 6B02213 – Музеология және тарихи-мәдени туризм білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған таза сессия талаптары мен академиялық адалдық қағидаттары туралы кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында студенттерге академиялық адалдықтың негізгі ұстанымдары, емтихан сессиясы кезеңінде сақталуы тиіс тәртіп нормалары, тыйым салынған әрекеттер және олардың жауапкершілікке әкелетін салдары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ университеттің академиялық саясатындағы бағалау жүйесінің талаптары, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, оқу процесінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету тетіктері туралы ақпарат берілді.
Түсіндіру жұмыстарының мақсаты – емтихандық сессияның әділ өтуін қамтамасыз ету, студенттер арасында академиялық адал мәдениетін қалыптастыру және білім беру сапасын арттыру.
Іс-шара соңында қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік берілді, оқу үдерісіне байланысты мәселелер талқыланып, нақты ұсыныстар ұсынылды.
Басқа жаңалықтар