Жүсіп Баласағұн шығармашылығының түркі әлемі мәдениетіне қосқан үлесі
Құрметті әріптестер!
13 сәуірде әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында ұлы ойшыл, ғалым және ақын Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдық мерейтойына орай «Жүсіп Баласағұн шығармашылығының түркі әлемі мәдениетіне қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді
Қараханидтер дәуірінің ұлы ойшылы, ақын, ғалым Жүсіп Баласағұн Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Махмұд Қашғари сияқты ойшыл ғалымдар қатарынан орын алады.
Жүсіп Баласағұн ХІ ғасырда Қараханидтер қағандығының астанасы Баласағұн қаласында өмір сүрген, үздіксіз шығармашылықпен айналысқан, көзі тірісінде «Хас Хажип» атағына ие болған. Оның түркі тілінде жазылған басты еңбектерінің бірі «Құтты білік» орта ғасыр дәуіріндегі жауһар туындылардың бірі болып есептеледі.
Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының шешімі бойынша 2016 жыл «Жүсіп Баласағұн жылы» болып жарияланды. Конференцияға ұсынылатын тақырыптар – ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұнның ғұмырбаяны мен шығармашылығын жан-жақты зерттеуге арналады.
Конференцияға Жүсіп Баласағұнның шығармашылығымен айналысатын отандық және шет елдік ғалымдар, докторанттар, магистранттар, сондай-ақ студенттер шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдері.
Талқылауға ұсынылатын бағыттар:
Жүсіп Баласағұн тұлғасы және еңбектері
- Ортағасырлық түркі тілдері дамуында Жүсіп Баласағұнның рөлі
- Әлем әдебиетінде Жүсіп Баласағұн поэзиясының маңызы
- Жүсіп Баласағұнның пәлсапалық концепциясы
- Жүсіп Баласағұн шығармашылық мұрасының түркі халықтарының тарихын зерттеудегі маңызы
- Жүсіп Баласағұнның әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлесі
- «Құтты білік» – Қараханидтер дәуірінің жазба ескерткіші
Конференцияға қатысушылар 2016 жыл 25 наурызға дейін өтінішті толтырып, 2016 жыл 31 наурызға дейін ұйымдастыру комитетіне жинақ шығару үшін жолдаулары тиіс.
Материалдарды turki_alemi@mail.ru, naza_yes@mail.ru адрестеріне (5-10 бет көлемінде) қазақша, түрікше, ағылшынша, орысша мәтіндер электронды түрде (Word форматында, 14 шрифпен Times New Roman, файл мақала авторының фамилиясымен аталу керек) қабылданады. Мақала көлемі 5 беттен аз болмауы тиіс.
Конференцияға қатысу үшін тезистердің нұсқасы 2 бет көлемінде болуы тиіс. Баяндама үшін берілетін уақыт 10 минут.
Материалдарды рәсімдеу ережесі:
- Мақаланың атауы жолдың нақ ортасында болуы керек (бас әріп, жартылай жуан, 14 шрифт)
- Орта тұста автордың толық аты-жөні (кіші әріп, жартылай жуан, 12 шрифт)
- Оның астында – жұмыс орныңыз, қала, университет (кіші әріп, 12 шрифт)
- Төменіректе –электрондық мекен-жайы (курсив, 10 шрифт).
- Мақаланың түйіндемесі 5-7 сөйлем көлемінде мақала жазылған тілде және қазақ, түрік, ағылшын, орыс тілдерінде (11 шрифт).
- Тірек сөздер мақаланың жазылу тілінде және қазақ, түрік, ағылшын, орыс тілдерінде (5 сөзден аспау керек, кіші әріп, курсив, 10 шрифт).
- Жиектері: жоғарғы және төменгі, оң және сол жағы -20мм, орналасуы – альбомдық.
- Жол аралығы – 1,0 интервал.
- - 158 с.
- Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме мәтіннің ішінде тік жақшамен беріледі, мысалы [1, 23], мұндағы 1 – дереккөздің атауы, 23 – беті.
Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарындағы қызметкерлер үшін тіркелу сомасы – 3000 тг, шетелдік азаматтар үшін – 5000 тг. Баяндама 2016 жылдың 31 наурызына дейін қабылданады. Мақаланы ғылыми-теориялық конференция өткізілгеннен кейін ғылыми жинақ түрінде басылып шығару жоспарлануда. Ақпараттық хаттағы анықтамаларға зер салғандарыңызды сұраймыз.
Ұйымдастыру комитеті тақырыпқа және рәсімдеу талабына сай емес материалдарды қабылдамауға құқылы. Материалдар тек авторлық нұсқада жарияланады, мақаладағы деректерге авторлар өздері жауапты.
Өткізілетін орны: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби көшесі, КазҰУ-дың кітапханасы.
Тіркеу 2016 жылғы 12 сәуірде сағат 9.00-да өткізіледі.
Жауапты хатшылар: Ғабдуллин К., Қортабаева Г., Ешметова Б., Есімбекова Н.
Байланыс телефоны: 8 (727) 243 89 26 каб. 431
Конференцияны ұйымдастырушылар:
Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасы.
Қатысушының өтініші үлгі бойынша толтырылу керек.
«Жүсіп Баласағұн шығармашылығының түркі әлемі мәдениетіне қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми -теориялық конференцияға қатысушының өтінімі
Тегі ____________________________________________________________
Аты _____________________________________________________________
Әкесінің аты _______________________________________________________
Мемлекет _____________________________________________________________
Қала ______________________________________________________________
Мекен-жай______________________________________________________
Телефоны __________________________________________________________
Е-mail (электрондық поштасы)___________________________________________
Жұмыс орны (ЖОО немесе мекеме атауы) ___________________________
Қызметі __________________________________________________________
Ғылыми атағы ______________________________________________________
Ғылыми дәрежесі _______________________________________________________
Мақаланың тақырыбы _______________________________________________________