- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің студенттері Ресей Кванттық орталығының бағдарламасына қатысуда. ТДМ 4 және ТДМ 9
ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің студенттері Ресей Кванттық орталығының бағдарламасына қатысуда. ТДМ 4 және ТДМ 9
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультеті алдыңғы қатарлы технологиялар саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. Ресей Кванттық орталығының ресми хатына сәйкес, кванттық технологиялар саласында жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған бірқатар перспективалық білім беру және ғылыми бағыттар қалыптастырылған.
Бағдарлама аясында Мәскеу қаласындағы кванттық есептеулер зертханаларына бару жоспарланған. Аталған зертханаларда Ресейдің алдыңғы қатарлы эксперименттік үлгілері мен кванттық есептеуіштердің прототиптері әзірленеді. Сапар барысында қатысушылар рубидий атомдарына негізделген 50-кубиттік кванттық компьютердің прототипін көруге, ғалымдар тобымен танысуға, 40 асаөткізгіш кубиттен тұратын кванттық процессордың түпнұсқа сұлбасын зерделеуге, өзекті ғылыми-технологиялық тенденциялар бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алады.
ҚазҰУ студенттерінің ЦУР-ға қосқан үлесі
Ресей Кванттық орталығының жобасына қатысу Тұрақты даму мақсаттарының негізгі бағыттарына қолдау білдіреді:
ТДМ 4 «Сапалы білім беру»
– студенттердің кванттық инженерия саласындағы заманауи білімге қол жеткізуі;
– білім алушылардың қазіргі ғылыми-зерттеу ортасына тартылуы;– жоғары технологиялық ғылыми қондырғылармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
ТДМ 9 «Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым»
– болашақ кванттық және цифрлық экономика үшін кадрлық әлеует қалыптастыру;
– кванттық технологиялар саласындағы зерттеулерді дамыту;
– халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты нығайту.
Бағдарлама студенттердің кванттық есептеулер саласындағы кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, жас зерттеушілерді бірегей эксперименттік қондырғыларда жұмыс істеуге тартуға, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы заманауи халықаралық тәжірибені игеруге бағытталған.
Басқа жаңалықтар