PhD докторы, доцент м.а. Байтукаева Дана Өмірбекқызы Қытайдың Харбин қаласындағы Харбин политехникалық университетінің студенттері мен магистранттарына дәрістер циклын оқыды.Farabi University

PhD докторы, доцент м.а. Байтукаева Дана Өмірбекқызы Қытайдың Харбин қаласындағы Харбин политехникалық университетінің студенттері мен магистранттарына дәрістер циклын оқыды.

8 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 16–22 қараша аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы, PhD докторы, доцент м.а. Байтукаева Дана Өмірбекқызы Қытайдың Харбин қаласындағы Харбин политехникалық университетінің студенттері мен магистранттарына дәрістер циклын оқыды.

Академиялық апта барысында ол ағылшын тілінде халықаралық құқықтың өзекті мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, халықаралық ынтымақтастық тетіктері, сондай-ақ киберқауіпсіздік тақырыптары бойынша дәрістер жүргізді. Студенттер дәрістер мазмұнына зор қызығушылық танытып, талқылауларға белсенді қатысып, көптеген сұрақтар қойды.

Бұл сапар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті мен Харбин политехникалық университеті арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы академиялық байланысты нығайтуға маңызды үлес қосты.