2025 жылғы 29 қарашада халықаралық құқық кафедрасы 🎓 «Дәстүр мен инновация: халықаралық білім берудегі 30 жылдық көшбасшылық» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.Farabi University

2025 жылғы 29 қарашада халықаралық құқық кафедрасы 🎓 «Дәстүр мен инновация: халықаралық білім берудегі 30 жылдық көшбасшылық» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

8 желтоқсан, 2025

 

2025 жылғы 29 қарашада халықаралық құқық кафедрасы
🎓 «Дәстүр мен инновация: халықаралық білім берудегі 30 жылдық көшбасшылық»
тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдық мерейтойына арналды.

Дөңгелек үстелге оқытушылар, зерттеушілер, студенттер және шетелдік қонақтар қатысты. Бағдарламада шетелдік магистранттардың баяндамаларына ерекше назар аударылды: олар өз зерттеулерін ұсынып, халықаралық білім беру мен халықаралық құқықтың дамуындағы өз көзқарастарымен бөлісті.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасындағы халықаралық құқық бойынша жаңа анықтамалық құралдың тұсаукесері өтті. Оның авторлары:
PhD докторы Л.Б. Нысанбекова
PhD докторы Е.Б. Ахметов, ҚР Президентінің Парламенттегі Өкілдігі инспекторы.

Жаңа басылым қазақстандық құқық ғылымының дамуына маңызды үлес қосып, халықаралық құқық саласындағы студенттер, жас зерттеушілер мен мамандар үшін құнды ақпараттық ресурс болмақ.

Халықаралық құқық кафедрасы барлық қатысушылар мен шақырылған қонақтарға белсенді атсалысқандары үшін алғыс білдіреді және кәсіби мамандарды даярлаудағы көпжылдық тәжірибе мен инновациялық тәсілге сүйене отырып, халықаралық білім беруді дамыту дәстүрін жалғастырады.