"Табысқа жетудің үш қадамы – білім, жұмыс, серіктестік" қонақ дәрісіFarabi University

"Табысқа жетудің үш қадамы – білім, жұмыс, серіктестік" қонақ дәрісі

4 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 3 желтоқсанында SDG 4 «Сапалы білім», SDG 8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» және SDG 17 «Тұрақты дамудағы әріптестік» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Табысқа үш қадамбілім, еңбек, серіктестік» тақырыбында «Қаржы және есеп» мамандығы бойынша 3-4 курс студенттерге арналған қонақтық дәріс өтті.

Шақырылған спикер: VEON тобының бас қаржы директорының кеңесшісі (Қазақстанда Beeline Қазақстан өкілдігі бар), MSc, ACCA, FCCA дәрежесінің иегері, 2012 жылдан бері ACCA (Ұлыбритания) құрметті мүшесі, 2025 жылғы «Үздік қаржы директоры» байқауының жеңімпазы Адилова  Гаухар Бақытжановна.

Кездесу барысында бухгалтерлік және салықтық есеп; қаржы, аудит және халықаралық сертификаттау; қаржылық жоспарлау және талдау; қазынашылық және корпоративтік қаржы; тәуекел-менеджмент және ішкі бақылау салаларындағы заманауи мамандарға қойылатын талаптар мен кәсіби даму мәселелері қаралды.

Қонақ лекция студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Олар сонымен қатар болашақ мамандығы, сәйкестік, стратегиялық даму, нақты қаржылық ағындарды басқару және компанияны қорғау туралы сұрақтарына жауап алды.

Дәрісті ұйымдастырушылар: «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушылары Г.Ж. Жүнусова және А.К. Низамдинова.