Физика және астрономия мамандығының 1-курс магистранттары педагогикалық тәжірибе аясында ашық сабақтар өткіздіFarabi University

Физика және астрономия мамандығының 1-курс магистранттары педагогикалық тәжірибе аясында ашық сабақтар өткізді

9 желтоқсан, 2025

7M05310 – Физика және астрономия мамандығының 1-курс магистранттары педагогикалық тәжірибе аясында бакалавриат студенттеріне (ФжАС және РЭТ мамандықтары) ашық сабақтар өткізді.
Магистранттар өз пәндері бойынша заманауи оқыту әдістерін қолданып, теориялық білімдерін тәжірибеде тиімді көрсетті.
Сабақтар интерактивті тапсырмалармен, тәжірибелік көрсетілімдермен және студенттердің белсенді қатысуымен өтті.

Оқыту барысында магистранттар критериалды бағалау элементтерін, визуалды материалдарды, зертханалық жұмыстар мен тәжірибелік эксперименттерді пайдаланып, күрделі ғылыми ұғымдарды түсінікті түрде жеткізе білді.

Ашық сабақтар магистранттардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, аудиториямен жұмыс істеу, сабақ құрылымын жоспарлау және педагогикалық әдістерді тиімді қолдану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

Сабақ өткізген магистранттар: Жунусканов Алишер Алмасович, Әкімбай Данияр Қайратұлы, Болысбек Еркебұлан Несіпбайұлы

Педагогикалық практика жетекшісі: Нодяров Атилхан Султанмуратович