ТДМ 3. "Жақсы денсаулық және әл-ауқат". Кураторлық сағат: «Студенттің жеке тұлғасын сурет арқылы ашу»Farabi University

ТДМ 3. "Жақсы денсаулық және әл-ауқат". Кураторлық сағат: «Студенттің жеке тұлғасын сурет арқылы ашу»

8 желтоқсан, 2025

        Кураторлық сағат: «Студенттің жеке тұлғасын сурет арқылы ашу»

Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасында АҚЖ 24-05 тобының студенттерімен кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге шығармашылық тапсырма беріліп, раушан гүлін бейнелеу ұсынылды. Тақырыптың ортақ болғанына қарамастан, әрбір жұмыс студенттің ішкі жан дүниесі мен өзіндік көзқарасының көрінісіне айналды.

Жұмыстарды талқылау кезінде студенттер форма, түс және детальдарды таңдау арқылы өз ой-толғаныстарын, эмоцияларын және жеке ерекшеліктерін қалай жеткізгендерін айтып өтті. Бұл шығармашылық әдіс кураторға ғана емес, топтағы әрбір студентке бір-бірінің мінез-құлқын, құндылықтарын және дүниетанымын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Аталған кураторлық сағат қарапайым тапсырманың өзімен тұлғаның көпқырлы болмысын ашуға болатынын көрсетті. Сондай-ақ, мұндай жұмыстар студенттер арасында өзара түсіністік пен қолдауға негізделген жағымды, достық атмосфераның қалыптасуына ықпал етті.

 

        Куратор-эдвайзер:
        Доцент м.а., PhD, Кенжебаева М.О.