«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» науқаны аясында өткізілген акция туралы есепFarabi University

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» науқаны аясында өткізілген акция туралы есеп

10 желтоқсан, 2025


2025 жылдың 2 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің 2-қабат фойесінде Әл-Фараби атындағы БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталығы ұйымдастырған «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» атты жаһандық науқанға арналған акция өтті.

Акцияның мақсаты — студенттердің назарын гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, оның түрлері мен алдын алу жолдары туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ жастарды зорлық-зомбылыққа жол бермеу, теңдік пен ынтымақ қағидаттарын ілгерілетуге белсенді қатысуға ынталандыру.

Шараға қатысушылар гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбына қатысты өз ойларын және жеке көзқарастарын білдіру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, қалаған студенттер «Біз әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты ұранымен түсірілген бейнежазбаға қатысты. Бейнежазба жақын уақытта орталықтың Instagram парақшасында — @un_kaznu — жарияланады.

Әр қатысушыға гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық символы — қызғылт сары лентасы тағылды. Бұған қоса, іс-шара достық және жылы атмосфера қалыптастыру мақсатында мини-сникерс батончигімен түрлендірілді.

Акция жылы әрі жағымды көңіл-күйде өтіп, студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды және «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» атты жаһандық бастаманы қолдауда Орталықтың маңызды үлесін қосты. Сонымен қатар, Орталықтың белсенді қатысушылары — Жолдасбек Разия, Сейсебаев Камиль және Рахманова Милана — акцияны ұйымдастыру мен өткізуге елеулі үлестерін қосты.

          Жауапты оқытушы - Деловарова Лейла Федоровна.