Қытай сапары

14 сәуір, 2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы Сиань көлік университетінің 120 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты

Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғ.М. Мұтанов бастаған делегация Қытайда өткен Сиань көлік университетінің 120 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты. Мерейтой аясында әлемдік деңгейдегі университеттердің президенттерінің саммиті, Жаңа жібек жолы университеттерінің альянсының атқарушы комитетінің президенттері мен ректорларының жиналысы, университеттердің көрмесі, мерейтойға арналған конференция, сияқты бірсыпыра шаралар өткізілді

Әлемдік деңгейдегі университеттердің (World-Class Universities Expo) ауқымды көрмесіне Принстон Университеті (Princeton University), Оксфорд Университеті (University of Oxford), Стэнфорд Университеті (Stanford University) сияқты бүкіл әлем бойынша 100-ден астам университеттер қатысты.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ стендіне ерекше көңіл бөлінді.

Сиань көлік университетінің спорттық стадионында 120 жылдық мерейтойға арналған салтанатты конференцияның ашылуы өтіп, оған 20 мыңнан астам адам қатысты. Сондай-ақ,  100-ден астам әлемдік деңгейдегі университеттердің ректорлары қатысқан саммит ұйымдастырылды. Саммит барысында университеттердің міндеттері, ақпараттық дәуірдегі жоғары білім берудің мүмкіндіктері мен қиыншылықтары, жаһандық ауқымдағы дарынды студенттердің ұтқырлығы сияқты көптеген мәселелер қарастырылды.

Шара барысында Жаңа жібек жолы университеттерінің Альянсының атқарушы комитетінің президенттері мен ректорларының жиналысы (The President`s Summit for Executive Committee)  өтті. Аталмыш Альянс 2015 жылдың мамыр айында 26 мемлекеттің  86 жоғарғы оқу орындарының өкілдерімен құрылып, Сиань декларациясына қол қойылған болатын. Басты мақсаты білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін ортақ алаңды құруға, мәдениеттер мен ұлттар арасындағы диалогты  дамытуға, сондай-ақ, Жібек жолының ғылыми белдеуі негізінде кадрларды дайындау, ғылыми зерттеулер, мәдени қарым-қатынас секілді салаларда университеттер арасындағы ықпалдастықты тереңдетуге бағытталған. Бұл жиынға Милан политехникалық университетінің, Сиань көлік университетінің, Гонконг Политехникалық университетінің, Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеттің және әль-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорлары және т.б. университеттердің басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес Альянстың хатшысы бір жыл ішінде жүзеге асырылған шараларға тоқталды. Кездесуде Альянстың университеттері арасында желілік нысанындағы ықпалдастығы, Халықаралық студенттік жазғы мектебінің өткізілуі және т.б. мәселелер талқыланды Жиналыстың қорытындысы ретінде Альянстың жарлығы мен Сиань келісімі қабылданды. Альянстың келесі отырысы 2016 жылдың қараша айында Гонконг Политехникалық университетінің (The Hong Kong Polytechnic University) 80 жылдығына орай өткізілетіндігі жоспарланды. Кездесу кезінде Батысқытайлық ғылыми және технологиялық хабының (Science and Technology Innovation Harbor) ашылуы жарияланып, Жібек жолы қорының (Silk Road Foundation) негізі салынды.

Мерейтойға арналған іс-шара барысында Сиань көлік университетінің (Xi’an Jiaotong University) өкілдерімен, оның ішінде университет ректоры, профессор Ван Шугомен (Wang Shuguo) кездесулер өткізілді. Кездесу барысында тараптар университеттер арасындағы ынтымақтастықтың нысандары мен бағыттары бойынша пікір алмасты. Аталмыш университеттің өкілдері студенттер, магистранттар және  PhD докторанттарға арналған халықаралық стипендиялық бағдарламалар ұсына отырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен тығыз қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екендігін білдірді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтанов өз кезегінде Жаңа жібек жолы университеттерінің альянсының халықаралық IT-технопаркін құруды ұсынды. Бұл ҚазҰУ аясында құрылатын суперкомпьютерлік есептеу орталығының негізінде қалыптастырылады.

Альянстың екінші отырысына және Альянс университеттерінің ректорлары мен президенттері  Альянсының форумына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері шақырылды. Аталған байланыс маңызды болып табылады, өйткені әлемдік рейтингте, оның ішінде "Жаһандық білім беру"  бағдарламасы аясында жоғарғы орынды иеленетін университетпен бірлескен жобаларды жүзеге асыру көптеген мүмкіндіктерді ашады.

Жалпы алғанда, делегацияның жұмысы қытайлық ұйымдармен және әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы университеттермен тығыз қарым-қатынас орнатуға себептігін тигізді.