ТДМ 4. "Бабалар аңсаған тәуелсіздік" атты республикалық эссе байқауыFarabi University

ТДМ 4. "Бабалар аңсаған тәуелсіздік" атты республикалық эссе байқауы

22 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының "Асыл сөз" стартабының ұйымдастыруымен тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған республикалық "Бабалар аңсаған тәуелсіздік" атты эссе байқауының қорытындысы жасалды. Бұл шараға еліміздің әр өңірінен мектеп оқушылары,колледж студенттері,факультет тыңдаушылары қатысып,тәуелсіздік туралы көркем туындыларын,поэзиялық шығармаларын,эссе жұмыстарын жіберді.Стартап жетекшісі Ж.С.Адилханова байқауға қатысушылардың  бір тобымен кездесуге мүмкіндік болды. Алматы облысы өңірінен қатысқан шәкірттерді мектептеріне барып жүлделерін табыстап, жеңістерімен құттықтап, жарқын болашағымыздың  тұтқасы болар бүлдіршіндерімізге алғыс білдіріп, марапаттап қайтты. Солардың бірі- Қарасай ауданы,Райымбек ауылындағы К.Әзірбаев атындағы қазақ орта мектебі. Ұйымдастырушылар қатысқан оқушылардың ішінен ел тәуелсіздігіне арнап өлең шығарған,керемет ой толғауларын жазған болашақ журналистер,әдебиетшілер де шығатынына сенім білдірді.