Су тұрақтылығы: қауіптерді төмендетудегі саналы тұтынудың рөліFarabi University

Су тұрақтылығы: қауіптерді төмендетудегі саналы тұтынудың рөлі

13 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 13 желтоқсанда ТДМ 6 іске асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде «Су тұрақтылығы: тәуекелдерді төмендетудегі саналы тұтынудың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – су және гидрологиялық тәуекелдерді басқару жүйелерін дамыту, климаттың өзгеруіне бейімделу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақтылығын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер мен болашағын талқылауға арналған сараптамалық алаң қалыптастыру болды. Дөңгелек үстел аясында табиғи және техногендік тәуекелдерді азайтудың негізгі факторы ретінде су ресурстарын саналы әрі жауапты пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің, ТЖМ РК Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығының, География және су қауіпсіздігі институтының, Тараз су шаруашылығы және ирригация ұлттық университетінің өкілдері, сондай-ақ метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары мен зерттеушілері қатысты.

Пікірталас барысында ғылыми зерттеулерді тәуекелдерді басқару практикасына енгізу, ерте ескерту жүйелерін дамыту, институционалдық тұрақтылықты арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін күшейту мәселелері қарастырылды. Талқылау жоғары кәсіби деңгейде өтіп, су тұрақтылығы мен су ресурстарын саналы пайдалану мәселелері бойынша ғылыми-практикалық диалогты нығайтуға маңызды үлес қосты.