Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Л.К. Бейсембаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ажар Қоспанқызы Баешовамен сұхбат жүргізді. Бүгінде А.Қ. Баешова химия ғылымының дамуына зор үлес қосып жүрген тәжірибелі ғалым, білікті ұстаз. Сіздің осы саладағы көп жылғы еңбек, ізденіс, ұстаздық тәжірибеңіз студенттер мен жас ғалымдарға үлгі екенін білеміз. Олай болса, бүгінгі сұхбат барысында ғылыми жолыңыз, қазіргі зерттеулеріңіз бен жастарға кеңестеріңізбен бөліссеңіз.
Баешова Ажар Қоспанқызы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік оқытушысы» университетішілік байқауының жеңімпазы. 1951 жылы 1 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ол 1969 жылы Городец орта мектебін алтын медальмен бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, одан кейін Қарағанды мемлекеттік университетінде бейорганикалық химия кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарған. 1986 жылы кандидаттық диссертациясын С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті. 1991-2005 жж. Х.А Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жұмыс істеді. Жалпы химия және химиялық экология кафедрасының меңгерушісі және экология факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 2005 жылдың қыркүйегінен бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор болып жұмыс істейді. Негізгі ғылыми қызығушылықтарна түсті металдар мен халькогендердің электрохимиялық әрекетін зерттеу кіреді. Өнеркәсіптік айнымалы ток әсерінен болатын электродтық процестерді де зерттеді. Қазіргі уақытта бейорганикалық қосылыстарды синтездеу және олардың қасиеттерін зерттеудің электрохимиялық әдістерін жасауда. 600-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде үш монографияның, 100-ден астам КСРО авторлық куәліктері мен Қазақстан патенттерінің, 20-дан астам оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Төрт докторлык және 35-тен астам кандидаттық диссертацияларды қорғауға жетекшілік еткен. Бірнеше жыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын жобалардың ғылыми жетекшісі қызметін атқарды.
Химия және химиялық технология факультеті, жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Бейсембаева Л.К.
Басқа жаңалықтар