- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да қаржылық болашақ пен азаматтардың әлеуметтік қорғалуы туралы онлайн-дәріс өтті
ҚазҰУ-да қаржылық болашақ пен азаматтардың әлеуметтік қорғалуы туралы онлайн-дәріс өтті
2025 жылғы 29 желтоқсанда Экономика және бизнес жоғары мектебі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Қаржылық болашақ: зейнетақы жинақтары, сақтандыру және аннуитеттік бағдарламалар» тақырыбында онлайн-іс-шара өтті. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары аясында — ТМД 1 «Кедейлікті жою» және ТМД 4 «Сапалы білім» бағыттары бойынша ұйымдастырылды.
Онлайн-дәріс Алматы қаласын дамыту орталығы үшін өткізіліп, азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға, ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қорғанысы мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға бағытталды.
Кездесу барысында «Қаржы және есеп» кафедрасының экономика ғылымдарының кандидаты Касенова Г.Е. зейнетақы жинақтарының заманауи тетіктері, қаржылық тәуекелдерді төмендетудегі сақтандырудың рөлі, сондай-ақ аннуитеттік бағдарламалардың қарттық кезеңдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және кедейлік тәуекелінен қорғау құралы ретіндегі маңызы туралы баяндады. Сонымен қатар, өмір сапасын арттыру мен халықтың әлеуметтік орнықтылығын нығайтудағы саналы қаржылық шешімдердің рөліне ерекше назар аударылды.
Мұндай бастамаларды жүзеге асыру университет пен қалалық, әлеуметтік институттар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және университеттің әлеуметтік миссиясын іске асыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар