ТДМ 4 – Сапалы білім. ҚазҰУ тәжірибесі Бішкекте: Байжанова Динаның халықаралық іссапары. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы.Farabi University

ТДМ 4 – Сапалы білім. ҚазҰУ тәжірибесі Бішкекте: Байжанова Динаның халықаралық іссапары. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы.

24 желтоқсан, 2025

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті, Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға оқытушысы Байжанова Дина 2025 жылғы 23 қараша мен 23 желтоқсан аралығында Қырғыз Республикасының Бішкек қаласындағы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ филиалында қызметтік іссапарда болды. Іссапар аясында ол «Электроника» және «Цифрлық схемотехника» пәндері бойынша дәрістік және практикалық сабақтар өткізіп, заманауи инженерлік білім беру талаптарына сай оқу үдерісін ұйымдастырды. Сабақтар бекітілген оқу бағдарламаларына толық сәйкес жүргізіліп, білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға бағытталды.

Іссапар барысында білім алушылармен белсенді академиялық өзара іс-қимыл орнатылып, консультациялар, БӨЖ және БОӨЖ жұмыстары жүйелі түрде қабылданды. Ағымдық және межелік бақылаулар жүргізіліп, қорытынды емтихандар ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік берді.

Аталған іссапар бас университет пен Бішкек қаласындағы филиал арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтып, халықаралық деңгейде білім беру тәжірибесін дамытуға елеулі үлес қосты. Мұндай бастамалар университеттің инженерлік және цифрлық бағыттардағы білім беру әлеуетін арттыруға, сондай-ақ сапалы кадрлар даярлауға бағытталған стратегиялық мақсаттарына толық сай келеді.