ТДМ 4 – Сапалы білім аясындағы оқу іс-шарасы
Ақпараттық жүйелер кафедрасы Тұрақты даму мақсаты 4 – Сапалы білім шеңберінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған оқу іс-шарасын өткізді.
2025 жылғы 8 желтоқсанда аға оқытушы А. Сәрсенбаева жеке меншік «Pifagor» мектебінің мұғалімдеріне арналған «Инновациялық оқыту технологиялары» тақырыбында экспресс-кәсіби тренинг өткізді. Тренинг барысында қатысушылар білім беру үдерісінде қолданылатын заманауи цифрлық платформалармен, интерактивті оқыту әдістерімен, сондай-ақ онлайн және гибридті оқыту модельдерімен танысты.
Іс-шара аясында мультимедиялық құралдарды пайдалану, қашықтан оқыту технологиялары, жасанды интеллект элементтерін білім беру үдерісіне енгізу және оқыту процесін цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Теориялық дәрістер практикалық тапсырмалармен, нақты мысалдар мен кейстерді талдаумен ұштастырылып, пікір алмасу және сұрақ-жауап форматында өтті.
Өткізілген тренинг мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, инновациялық педагогикалық тәжірибені кеңінен қолдануға және білім беру сапасын жақсартуға ықпал етті.


🔗 Іс-шарадан фотосуреттер мен материалдар:
https://www.instagram.com/p/DS2YwOMiLxi/?igsh=MWlmNDVkZXJjcXZveQ==
Басқа жаңалықтар