«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсы: жас зерттеушілерге қолдауFarabi University

«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсы: жас зерттеушілерге қолдау

24 желтоқсан, 2025

5–7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының Алматы облысы бойынша қазылар алқасының жұмысы аяқталды. Байқау аясында жас зерттеушілердің ғылыми ізденіске деген қызығушылығы, тың идеялары мен зерттеу еңбектері жоғары деңгейде бағаланды.

Қазылар алқасының құрамында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, PhD Айжан Амангалиевна Куйкабаева болды. Университет өкілінің қатысуы мектеп оқушыларының зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және ғылымға ерте бейімделуіне ықпал етті.

Аталған бастама Тұрақты даму мақсаты 4 — «Сапалы білім беру» аясында жүзеге асырылып, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға, сыни ойлау мен ғылыми сауаттылықты арттыруға бағытталған.