«Жастар арасында суицидтің алдын алу: себептер және шешу жолдары»Farabi University

«Жастар арасында суицидтің алдын алу: себептер және шешу жолдары»

5 қаңтар, 2026

«Жастар арасында суицидтің алдын алу: себептер және шешу жолдары» тақырыбында тыңдаушылар арасында тәрбиелік шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында жиі кездесетін психологиялық күйзелістердің алдын алу, өмірдің маңызын түсіндіру, суицидке итермелейтін негізгі факторларды анықтап, оларды еңсеру жолдарын ұсыну арқылы саналы өмірлік ұстаным қалыптастыру.

Шара барысында тыңдаушыларға білікті психолог мамандар дайындаған бейнероликтер көрсетіліп, «Сен жалғыз емессің» атты ашық пікірталас алаңы құрылды. Тыңдаушылар ішкі толғаныстарымен бөлісіп, түрлі өмірлік жағдайлардан шығудың тиімді жолдары жайлы ой қозғады. Психологиялық сергіту жаттығулары мен топтық тренингтер жастардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға, өз-өзіне сенімін арттыруға бағытталды.

Шара соңында қатысушыларға сенім телефондары мен психологиялық көмек ала алатын орталықтардың тізімі ұсынылып, кері байланыс жүргізілді. Бұл кездесу жастардың жан дүниесіне үңіліп, қолдау мен түсіністікке толы орта қалыптастыруға мүмкіндік берді.