Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 2 — "аштықты жою") "салауатты тамақтану — денсаулық кепілі"тақырыбында.Farabi University

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 2 — "аштықты жою") "салауатты тамақтану — денсаулық кепілі"тақырыбында.

26 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасының қызметкерлері студенттер арасында өткізілетін ағартушылық іс-шаралар аясында Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 2 — «Аштықты жою») тақырыбы бойынша «Салауатты тамақтану — денсаулық кепілі» атты іс-шара өткізді.
Іс-шара 2025 жылғы 25 желтоқсанда Zoom платформасында кураторлық сағат форматында ұйымдастырылып, салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ тамақтану, тағам қауіпсіздігі және денсаулық арасындағы өзара байланысты түсіндіруге бағытталды.
Кураторлық сағатқа жауапты кураторлар Есергенева Р.Т., Курбанова М.К., Қонысбаева А.К. және Муратова Р.Р. жетекшілік етіп, 6В10101 «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының 62 бакалавр-студенті қатысты.
Іс-шара барысында студенттер тақырыптық презентация дайындап, таныстырғаннан кейін салауатты әрі дұрыс тамақтанудың денсаулықты нығайтудағы, дене салмағын бақылаудағы, сондай-ақ балалар ағзасының қалыптасуы мен өсуіндегі маңызы туралы өз пікірлерін белсенді түрде білдірді. Сонымен қатар тағамның калориялығы мен мөлшері, зиянды тағамдар мен сусындарды тұтынудың салдары, созылмалы аурулар кезінде тамақтануға қойылатын шектеулер мен тыйымдар мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер аталған тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін тек өз денсаулығы мен кәсіби дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар жақындарының әл-ауқаты және болашақ ұрпақтың, соның ішінде балалардың денсаулығы үшін де маңызды екенін түсінетіндерін көрсетті.