- Басты бет
- Ғылым
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Берлин Еркін университеттің профессоры Павел Тарасовтың дәрісі өтеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Берлин Еркін университеттің профессоры Павел Тарасовтың дәрісі өтеді.
2026 жылдың 6 ақпанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде палеоэкология және төрттік кезең географиясы саласының көрнекті маманы, Берлиндегі Еркін университеттің (Германия) профессоры Павел ТАРАСОВТЫҢ дәрісі өтеді.
Дәріс тақырыбы: «Солтүстік Еуразияның аңшы-терімші қоғамдарының палеоқоршаған ортасы және ұзақ мерзімді мәдени өзгерістері: біз не білеміз және не білгіміз келеді?»
Дәріс Солтүстік Еуразияның табиғи ортасының соңғы плейстоцен және голоцен кезеңдеріндегі динамикасы, сондай-ақ климаттық және экологиялық өзгерістердің аңшы-терімші мәдениеттердің дамуына әсері туралы заманауи түсініктерге арналады. Ерекше назар палинология, геоархеология, палеоклиматология және археология деректерін біріктіретін пәндераралық тәсілдерге аударылады.
Дәріс палеоэкология, археология, климат тарихы және Еуразияның ежелгі халқының мәдени эволюциясына қызығушылық танытатын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, оқытушыларға және барлық қызығушыларға арналған.
Күні: 2026 ж. 6 ақпан, сағат 11:00
Өтетін орыны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті, 4-1 ауд.
Дәріс тілі: орыс тілі (слайдтар мәтіні – ағылшын тілінде; ағылшын тілінде сұрақтар қойюға болады)
Дәріскер туралы
Павел Тарасов – М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың география факультетінің түлегі, 1992 жылы Қазақстан далалық аймағының өсімдіктер жамылғысы мен климатын тозаңдық реконструкциялау бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2007 жылы Берлиндегі Еркін университеттің Жертану факультетінде докторлық (Doctor habilitatus) диссертациясын қорғады.
П.Тарасов профессор әр жылдары Швед Ғылым академиясының, Жапонияның Ғылымды дамыт коғамдастығының (JSPS), Александр фон Гумбольдт қорының ғылыми стипендиаты болды, сонымен қатар Германияның Зерттеу қоғамдастығының (DFG) беделді Heisenberg стипендиясының иегері болды. Ол Еуропа, Канада және Жапонияның жетекші университеттерінде шақырылған профессор және зерттеуші ретінде жұмыс істеді.
Профессор П.Тарасов – 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы және бірлескен авторы (Web of Science: h-index 54; Scopus: h-index 67), олардың қатарына Nature Ecology & Evolution, Science, Science Advances, Quaternary Science Reviews, Climate of the Past және т.б. жоғары рейтингті журналдардағы мақалалар кіреді. Ол бакалавриат, магистратура және докторантура диссертацияларына ғылыми жетекшілік етуді белсенді жүргізеді. Жертану факультетінің Erasmus+ бағдарламасының координаторы.
Басқа жаңалықтар