ТДМ 4. Сапа менеджменті жүйесі құжаттарына қойылатын негізгі талаптар мен қағидаларFarabi University

ТДМ 4. Сапа менеджменті жүйесі құжаттарына қойылатын негізгі талаптар мен қағидалар

29 қаңтар, 2026

2026 жылғы 29 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне қарасты Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) құжаттарына қойылатын негізгі талаптар мен қағидалар» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — білім беру ұйымдарында сапа менеджменті жүйесін тиімді енгізу мен жетілдіру, СМЖ құжаттарын әзірлеу, рәсімдеу және жүргізу барысында қолданылатын талаптар мен қағидаларды түсіндіру, сондай-ақ білім беру үдерісінде сапаны қамтамасыз ету мәдениетін қалыптастыру.

Семинар барысында қатысушыларға СМЖ құжаттарының құрылымы, мазмұны, рәсімдеу тәртібі және оларды қолданудың практикалық аспектілері бойынша жан-жақты әдістемелік түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, сапаны басқару жүйесінің білім беру қызметінің тиімділігін арттырудағы, ішкі процестерді оңтайландырудағы және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды.

Аталған семинар Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағыты — «Сапалы білім беру» аясында өткізіліп, білім беру сапасын арттыруға, басқару процестерін жүйелеуге және академиялық қызметтің тұрақты дамуына бағытталды.