«Artificial Intelligence, the WTO and the Future of Global Trade» атты Халықаралық қысқы мектебіFarabi University

«Artificial Intelligence, the WTO and the Future of Global Trade» атты Халықаралық қысқы мектебі

2 ақпан, 2026

2026 жылдың 30-31 қаңтарында «Artificial Intelligence, the WTO and the Future of Global Trade» атты Халықаралық қысқы мектебі халықаралық құқық кафедрасының орталығы – ДСҰ және халықаралық сауда құқығы орталығы аясында сәтті өтті.

Халықаралық қысқы мектептің қатысушылары болып Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, халықаралық құқық мамандығында оқитын 1 және 2 курс түркмен студенттері табылды. Қысқы мектеп әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінде онлайн және оффлайн сессиялар арқылы гибридті форматта өтті. Іс-шараның модераторы PhD докторы, халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы, ДСҰ және Халықаралық сауда құқығы орталығының директоры – Отыншиева Айдана Айтукызы болды.

Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор Сайрамбаева Ж.Т., халықаралық құқық кафедрасы меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Алтаева К.Ж.,  халықаралық құқық кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD докторы Баймағамбетова З.М. халықаралық қысқы мектепті құттықтау сөздерімен ашты.

Бағдарлама барысында сарапшылар, оқытушылар мен профессорлар дүниежүзілік сауда, жасанды интеллект және жаһандық дамудың тоғысуы туралы терең пікірталастарға қатысты. Талқылаулар цифрлық дәуірдегі ДСҰ рөлі, жасанды интеллект және халықаралық сауда құқығы сияқты негізгі тақырыптарды қамтыды. Сарапшылар цифрлық сауда, зияткерлік меншік құқықтарының сауда-саттық аспектілері туралы келісімін, антимонополиялық реттеу мен инновация мәселелерін және халықаралық ынтымақтастықтың, әсіресе халықаралық құқық контекстіндегі әсерін зерттеді.

Негізгі сессиялар мен спикерлер:

-                    Антимонополиялық реттеу және инновациялар – з.ғ.к., доцент Ергөбек Ш.Қ (Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының академиялық және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры);

-                    Цифрландыру дәуіріндегі электр көліктерінің халықаралық саудасы: құқықтық сын-қатерлер мен перспективалар – PhD докторы Ахметова А.А. (Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы);

-                    Органикалық өнімдерді сандық сертификаттау агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуының құқықтық құралы ретінде – PhD докторы, халықаралық құқық кафедрасының ассистент-профессоры Нысанбекова Л.Б. және 2-курс докторанты Ван Далин;

-                    Соттағы, бизнестегі және үкіметтегі жасанды интеллект: құқықтық аспектілер – кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, доцент м.а. Байтукаева Д.У.;

-                    Құқықтанудағы жасанды интеллект: құқықтық мәселелер мен даму мүмкіндіктері – халықаралық құқық кафедрасының ассистент-профессоры Тусупова А.Ж.;

-                    ДСҰ және цифрлық сауда: жаһандық экономиканың жаңа бағыты – PhD докторы, аға оқытушы Рысалдиева А.Е.;

-                    Халықаралық саудадағы «параллельді импорт» мәселесі және тауар белгісіне құқықтардың сарқылуы: мүдделер тепе-теңдігін іздеу (ЕАЭО мысалында) – PhD докторы, аға оқытушы Отарбаева А.Б.;

-                    Prompt engineering: жасанды интеллектпен тиімді өзара әрекеттесу халықаралық құқық магистрі, оқытушы Тоқтарбекова М.Е.;

-                    Жібек жолын цифрландыру: Түркі мемлекеттері ұйымының құқықтық базасына жасанды интеллект пен ДСҰ стандарттарын біріктіру – 1 курс магистранты Иманов С.С.;

-                    Медициналық туризмнің құқықтық аспектілері – магистрант Нұрсерік Л.

Гибридтік формат спикерлер мен қатысушыларға тұрақты жаһандық саудадағы ДСҰ рөлін нығайта отырып, өзекті жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп жұмыс істеуге, жасанды интеллекттің саудамен қатынасына пікірталас жүргізуге және шешімдерді ұсынуға мүмкіндік беретін динамикалық академиялық перспективалар алмасуына ықпал етті. Халықаралық қысқы мектеп аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар мен спикерлерге сертификаттар берілді.

Біз барлық баяндамашыларға, ұйымдастырушыларға және қатысушыларға академиялық тәжірибеге қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз! Осы  пікірталастарды жалғастыруды және сауда мен тұрақты даму бойынша болашақ ынтымақтастықты нығайтуды асыға күтеміз!

Халықаралық қысқы мектепті ұйымдастырушылар: PhD докторы, халықаралық құқық кафедрасының ассистент-профессоры – Баймағамбетова З.М. және PhD докторы, халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы – Отыншиева А.А.