ЗАЯДАН БОЛАТХАН ҚАЗЫХАНҰЛЫ Биология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі. биотехнология кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы «AlgaBioTech» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директорыFarabi University

ЗАЯДАН БОЛАТХАН ҚАЗЫХАНҰЛЫ Биология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі. биотехнология кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы «AlgaBioTech» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры

5 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтеді

 

2026 жылғы 12 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
«Жасанды интеллект дәуіріндегі экологиялық биоинженерияның аспектілері мен инновациялары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шара биотехнология кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «AlgaBioTech» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы Болатхан Қазыханұлы Заяданның 65 жылдық мерейтойына арналады.

Дөңгелек үстел гибридті форматта өтеді.
Іс-шараның басталуы — сағат 12:00-де (Астана уақыты бойынша). Іс-шараның бетпе-бет бөлімі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Әл-Фараби» кітапханасында
(№ 409 конференц-зал) өтеді.

Дөңгелек үстел аясында экологиялық биоинженерия саласындағы өзекті мәселелер мен инновациялық тәсілдер, сондай-ақ биотехнологиялық зерттеулерде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері талқыланады.