«ҚазҰУ тарланы – 2026» жобасында І орын иегері анықталдыFarabi University
Референдум 15 марта

«ҚазҰУ тарланы – 2026» жобасында І орын иегері анықталды

13 ақпан, 2026

 

2026 жылғы 13 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында дәстүрлі «ҚазҰУ тарланы» жобасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Аталған жоба студенттердің жан-жақты қабілетін шыңдап, олардың зияткерлік, шығармашылық және көшбасшылық әлеуетін айқындауға бағытталған маңызды алаң болып табылады.

Байқау барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша өз білімдері мен біліктіліктерін көрсетті. Әділқазылар алқасы үміткерлердің теориялық дайындығын, сахна мәдениетін, сөйлеу шеберлігін және әлеуметтік белсенділігін жан-жақты бағалады.

Жоба қорытындысы бойынша Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 2-курс студенті І орынды иеленіп, «ҚазҰУ тарланы – 2026» атағына ие болды. Жеңімпаз өзінің терең білімін, жоғары жауапкершілігін және университет өміріне белсенді араласуын дәлелдей білді.

«ҚазҰУ тарланы» жобасы – жастардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерді дамытатын, университет құндылықтарын дәріптейтін маңызды бастама. Осындай жетістіктер студенттердің сапалы білім алып қана қоймай, қоғамдық өмірде де белсенді тұлға болып қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Жеңімпазды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!