«Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі»
17 ақпан, 2026
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларына арналған кураторлық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім алушыларға заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жеке жауапкершілік пен азаматтық ұстаным тақырыптары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды. Кураторлық сағат тыңдаушылардың белсенді қатысуымен өтіп, ашық пікір алмасу алаңына айналды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық санасын нығайтып, болашақта саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Заңға құрмет – елге құрмет!
Тәртіп бар жерде – тұрақтылық бар!
Басқа жаңалықтар
10 наурыз, 2026
10 наурыз, 2026