2026 жылғы 13 ақпанда «Scopus деректер базасына енгізілген жоғары рейтингті журналдарда мақала жазудың тәртібі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарды проф. Магауова А.С. және қауымдастырылған профессор Акрамова А.С. жүргізіп, қатысушыларға халықаралық талаптарға сай ғылыми мақала дайындаудың негізгі кезеңдері, журналды дұрыс таңдау, зерттеу нәтижелерін құрылымдау және рецензиялау үдерісінің ерекшеліктері туралы мазмұнды ақпарат берді.
Сонымен қатар, 2-курс докторанты Жанұзақова П. «Жас зерттеушілердің этикалық қызметінің негіздері» тақырыбында баяндама жасап, академиялық адалдық қағидаттары, плагиаттың алдын алу, авторлық жауапкершілік пен ғылыми жарияланым мәдениеті мәселелеріне тоқталды. Семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелік ұсыныстар алды.
Ғылыми семинар жетекшілері п.ғ.д., проф Магауова А.С., доцент п.ғ.к. Молдасан Қ.Ш.
Басқа жаңалықтар