Археология, этнология және музеология кафедрасының докторанты оқушыларға профориентациялық жұмыс жүргіздіFarabi University

Археология, этнология және музеология кафедрасының докторанты оқушыларға профориентациялық жұмыс жүргізді

29 қаңтар, 2026

2026 жылғы 29 қаңтарда Алматы облысы, Есік қаласында «Қ. Сәтпаев атындағы орта мектеп» базасында «Гуманитарлық бағыт – қоғамның жүрегі: оқушы – қоғам – құндылық» тақырыбында аймақтық тәжірибелік диалог алаңы өтті.

Археология, этнология және музеология кафедрасының докторанты Әсел Амаргазиева жиынға қатысып, 9–11 сынып оқушыларын кафедраның білім беру бағдарламаларымен таныстырды және кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Диалог алаңы барысында гуманитарлық ғылымдардың қоғам дамуындағы рөлі, жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы және құндылықтар жүйесін нығайтудағы орны кеңінен талқыланды. Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандық таңдаудағы сенімділігін арттырып, білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті гуманитарлық бағыттағы бастамаларды қолдап, аймақтық тәжірибелерді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан зерделеу мен таратуға ерекше мән береді.